Бас тақырып

Мереке қарсаңындағы мәртебелі марапат

Республика күні қарсаңында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аймақ басшысы өз сөзінде:

– Бұл – тәуелсіз ел болуға батыл қадам жасалған тарихи күн. Оның маңызын Мемлекет басшысы «елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы» деп атап көрсетті. Бұл – егемен ел болғанымызға шүкір етіп, тәуелсіздігіміздің қадірін түсінетін күн. Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан өзін халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде мойындатты, ғаламдық деңгейде маңызды бастамалар көтеріп, аймақтық көшбасшыға айналды.
Әкімдердің тікелей сайлауы енгізілгелі, біздің облыста ауыл, аудан мен қалада әкім сайланды. Оның 90%-ы – бұрын әкім болмаған, яғни жаңа тұлғалар. Келесі жылдан бастап барлық аудан және қала әкімдерін, тұрғындар өздері сайлайды. Бұл – Президент жүргізіп отырған еліміздегі түбірлі саяси реформалардың сәтті жүзеге асуы, – деді.

Шарада төмендегі тұлғаларға мемлекеттік наградалар тапсырды. Сонымен:

«Парасат» орденімен

Ерлан Нұрланбаев – «Қазпошта» акционерлық қоғамы Қарағанды облыстық филиалының директоры.

II дәрежелі «Достық» орденімен:

Радий Бурганов – «Кама тайерс» ЖШС директоры.
Александр Критский – «Мередиан компани» ЖШС техникалық директоры.

«Құрмет» орденімен:

Қамашке Асанов – Академик Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің профессоры.
Сәния Боранқұлова – «Қарағанды қаласының №3 емханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Жарас Қанапин – «Сүт ферма рамадан» ЖШС директоры.
Нұркен Қобжанов – Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы.
Мейрам Кожухов – Қарағанды қаласының әкімі.
Мира Махатчина – «Қарағанды су қоймалары» КМК басшысы.
Бегалы Оразбеков – «Forever flourishing (middle asia) pty ltd» ЖШС бас директоры.
Наиля Шевелева – Қарағанды медициналық университетінің профессоры.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен:

Геннадий Гүлевский – «Asia FerroAlloys» ЖШС балқытушысы.
Камария Жәкенова – «Абай тігін фабрикасы» ЖШС цехының тігіншісі.
Александр Кашин – «Құрылысмет» ЖШС токары.

«Ерлігі үшін» медалімен:

Ермұхан Ахмедиев – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бөлімше командирі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Хайролла Әбілов – еңбек ардагері, Шет ауданы.
Бауыржан Аманбаев – «Абай ауданының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеменің жаттықтырушы-оқытушысы.
Мұрат Баймағанбетов – «Жалықбас» шаруа қожалығының басшысы, Қарқаралы ауданы.
Гүлзада Жанаева – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша филиалының сарапшысы, Қарағанды қаласы.
Ойрат Жүкібаев – еңбек ардагері, Қарқаралы ауданы.
Рысбай Жүнісов – еңбек ардагері, Нұра ауданы.
Алексей Иванов – «УайДиДи Корпорейшн» ЖШС кран машинисі, Қарағанды қаласы.
Талғат Қарабалаев – Приозерск қаласындағы Ер-Тай ЖШС филиалының директоры, Қарағанды қаласы.
Берік Қарашолақов – «Үштөбе тірек мектебі» КММ мұғалімі, Бұқар жырау ауданы.
Олег Кастальский – «Қарағанды тау-кен индустриялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.


Ольга Кравцова – «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ тәрбиешісі, Қарағанды қаласы.
Мұрат Көлбаев – «Қармет» акционерлік қоғамының ауысым бастығы, Теміртау қаласы.
Әсем Қызырова – «Сләмия Саттаров атындағы мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы.
Владимир Лейман – Балқаш мыс балқыту зауытының балқытушысы «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС.
Айнагүл Майлыбекова – «№45 гимназиясы» КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы.
Нұрлан Мұқатов – «Қарағанды облысы әкімдігінің істер басқармасы» КММ кезекші механигі, Қарағанды қаласы.
Бауыржан Мұсақанов – «Байбатыр KZ» ЖШС басшысы, Шет ауданы.
Ержан Нашаров – «Нұр-СХ» ЖШС құрылтайшысы, Қарағанды қаласы.
Махмұт Садықанов – Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының әртісі, Қарағанды қаласы.
Игорь Свиридов – «Қармет» АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасының электрослесары, Саран қаласы.
Қайрат Серіков – «Шұбаркөл Көмір» акционерлік қоғамының жүргізушісі, Абай ауданы.
Қайрат Тұрлыбеков – «Қуаныш Строй Каз» ЖШС жүк тиегіш трактор жүргізушісі, Қарағанды қаласы.

«Шапағат» медалімен:

Гүлмира Жүрсәлімова – «Шәкәрім атындағы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімі, Қарағанды қаласы.
Жұмаш Нұрмұханбетова – «Осакаров ауданының Аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК дәрігері.
Салтанат Шайдарова – «Қарағанды қаласының №4 емханасы» КМК директорының орынбасары.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен:

Сержан Мұсайын – Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі «Арай» ансамблінің көркемдік жетекшісі.

«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағымен:

Кеңес Жұмабеков – Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының актері.

«Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атағымен:

Екатерина Кузнецова – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі.
Диқанбай Биткөзов – Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбо күресінен спорт шебері.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button