Шет

Мерейтойға әзірлік

Биыл күзде Шет ауданының құрылғанына 90 жыл толады. Жыл басынан бері аудан мерекесіне дайындық жұмыстары қарқынды жүруде.

Сондай-ақ, Астананың 20 жылдығы, Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығы, Шортанбай жырау Қанайұлының 200 жылдығы, атақты ғалым, жерлесіміз Жамбыл Ақылбаевтың 80 жылдығы аталып өтеді.
Сонымен қатар, «Шет өңірі – шертпе күйдің қайнары» апталығында ауданда домбырашылар байқауы ұйымдастырылып, танымал күйші Дәулетбек Сәдуақасұлының 80 жылдығы тойланады.
Ауданның 90 жылдығына тарту ретінде 90 игі іс атқару қозғалысы да өріс алуда. Бұл үрдіске ауданның бүкіл 25 ауыл, кент округтері ат салыспақшы. Оған кең көлемде мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында кәсіпкерлер, ауданның тумалары, жеке азаматтар да тартылады.
Кез келген мереке мәдени іс-шараларсыз өтпейтіні белгілі. Осы мақсатта бірнеше апта ауыл, кенттердің көркемөнерпаздар үйірмелерінің шы­ғар­машылық концерттері мен көрме-жәрмеңкелері өтеді. Ауқымды жоспарлардың сүбелі бөлігі елді мекендерді жаңғыртып, абаттандыруға, тақырыптық билбордтармен безендіруге бағытталған.
Айта кету керек, шара аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мәулен Жакиннің авторлығымен «Шет өңірінің тарихы» атты ғылыми монографиясы мен жазушы Кәмел Жүністегінің «Тасқа тұнған құпия» атты этнографиялық-танымдық кітабы жарық көрмек. Бұл еңбектерге тапсырыс аудан әкімі Марат Жандәулетовтің тікелей басшылығымен берілген болатын.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button