Жаңалықтар

Мерейлі жылдың биік белестері

2016 жылы Қазақстан Тәуелсіз­дігінің 25 жылдығы атап өтілді. «Нұр Отан» партиясы жеңіске жеткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп, ауданның 77%-ға тарта тұрғындары дауыс беруге қатысты.

Аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар Қарағанды облысының құрылғанына 80 жыл толуына байланысты іс-шараға дайындық жүргізу мен өткізуге белсенді түрде ат салысты. Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына орай, «Ақ орамал» акциясы өтті. Неке қию сәтінде жас келінге ақ орамал сыйға тартылды.

Октябрь ауданы үшін осы жылдың жақсы жаңалығы – жылына 500 мың тоннаға дейінгі қуаттылықтағы «KAZФеррит» ЖШС байыту фабрикасының құрылысы болды. Кәсіпорынның тең құрылтайшыларының бірі – Геннадий Головкин. Пришахтинскіде және Майқұдықта жаңа сауда нысандары ашылды.

Балабақшаларға кезекті төмендету үшін ауданда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында 320 орынға арналған «Армашка» балабақшасы қалпына келтіріп қайта және ашылды.

Ауданда мемлекеттік және мерекелік күндерге орай өткізілген іс-шаралардың барлығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 21 қазан мен 15 желтоқсан аралығында «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн тойланды, 15 іс-шара өткізілді.

Ауданды абаттандыру, тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік саланы дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Ауданның аулалық төңірегін абаттандыру деңгейін одан әрі арттыру үшін 2016 жылы Пришахтинскіде Металлистер көшесіндегі үлкен ауланы кешенді абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Аудан төңірегін ұстап тұру» бағдарламасы аясында 121 аудандық аумаққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шөбі шабылды, апаттық ағаштар кесіліп, қардан тазаланды және сартқа шығарылды.

Жыл сайын санкцияланбаған үйінділерді таратуға байланысты жұмыстар жүргізілуде. 2016 жылы көлемі 9,0 мың метр3 көлемінде жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылы Октябрь ауданында 7 автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Майқұдықта – 5, Пришахтинскіде – 1, Сортировкада – 1. 12 шағын ауданындағы «Горняк» дүкені арқылы өтетін автомобиль жолына жөндеу жұмысы жүргізілді, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының өтініштері бойынша №13 және №74 мектеп пен «Қарлығаш» балабақшасына апаратын 3 автожолдың жөндеу жұмысы жүргізілді.

2016 жылы Октябрь ауданының жергілікті полиция қызметі 8532 бұзушылықты әкімшілік жауапкершілікке тартты, айыппұл сомасы 71,9 млн. теңге. Ауданның неғұрлым қылмысты учаскесі туралы халықты хабардар ету мақсатында электронды қылмыстық құқық бұзушылық картасы жасалған. Жыл сайын көктем және күз айларында тұрғындарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жаппай тарту үшін Октябрь ауданын абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 85 мың қатысушыны қамтыған, шамамен 9 мың ұжым қатысқан 10 сенбілік өткізілді.

Аудан әкімінің аппараты қызметінің іс-әрекетіндегі маңызды мәелелердің бірі коммуналдық қызмет пен ауданның өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз ету саласын үйлестіру бойынша жұмыстар.

Көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасы мен көлеміне бақылауды қамтамасыз ету, тұрғын үй қорына жақсы жағдайды қалыптастыру үшін көп қабатты тұрғын үйлерде кондоминиум нысандарын басқарудың заңды формасын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2016 жылы тұрғындармен 630 кездесу өткізіліп, нәтижесінде 50 қараусыз үй басқарудың заңды формасына ие болды. Бүгінгі күні 870 көп қабатты үй МИК құрамына кірсе, 174 үйге тұрғындар өздері қызмет көрсетеді.

Октябрь ауданы бойынша магистральды желілер ұзындығы 119, 7 км-ді, орам ішілік желілер ұзындығы 271,3 км-ді құрайды. Аудан тұрғындарына жылуды үздіксіз беру үшін 2016 жылы «Теплотранзит Караганда» ЖШС 13,7 км жылу желілерінің құбыр желісін, 12,4 км орамішілік құбыр желісін ауыстырды.

МИК күшімен көп қабатты тұрғын үйлер жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізді. 37 жылу тораптары, 15 элеваторлық тораптар салынып, 31 үйде кәріз және су құбырының желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, 16 электр қалқаншалары алмастырылды.

2016 жылға арналған «Жұмыстарды жүргізу жоспары» бағдарламасы бойынша сумен қамтамасыз ету қызметі бойынша 3 су колонкаларына күрделі жөндеу жұмыстары, 38-не ағымдық жөндеу жұмыстары, 59 өрт сөндіру гидранттарын алмастыру мен орнату жүргізіліп, қақпағы бар 81 люк орнатылды, 64 топса салынып, 818 апат жойылды.

Сапалы түрде энергиямен қамтамасыз ету үшін 82,46 км электр берудің әуе желісін, 9,52 км кабель желілерін, 47 трансформаторлық аралық станцияларды алмастыру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Фин кентінің жеке секторындағы 200 үй Пришахтинскідегі аралық станцияға қосылды.

Аудан әкімінің аппараты тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі бағдарламасын» жүзеге асыруды жалғастыруда. Аталған бағдарлама бойынша 31 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 11 үйде лифт жұмысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы 393,6 миллион теңгені құрады. «Ақ ЖолТА» ЖШС 2016 жылы Архитектурная көшесінде орналасқан №9 үйге жөндеу жұмыстарын бастады.

«Қарағанды облысы бойынша жаңғырту орталығы» ЖШС аталған бағдарлама бойынша жүргізілген жөндеу жұмыстары үшін тұрғын үй иелерінен берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстар жүргізуде. 2016 жылы барлығы 934,9 мың теңге өндірілді.

Санитарлық және экологиялық жағдайды жақсарту үшін Октябрь ауданының аумағын 6 секторға бөлу жұмыстары жүргізілді. Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және кәдеге жаратумен айналысатын қосымша қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саясат саласындағы басты мақсат – атаулы әлеуметтік көмектер көрсету. Октябрь ауданында барлығы 34351 зейнеткер, 708 көп балалы отбасы, 33 ҰОС қатысушылары мен мүгедектері, 2181 тыл еңбеккерлері, 981 батыр аналар тұрады, оның 24-і 2016 жылы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері атанғандар.

Аз қамтылған отбасыларға 2016 жылы 87 арыз берушіге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жалпы сомасы 9 миллион теңгеге 333 алушыға, жалпы сомасы 9,7 миллион теңгеге 18 жасқа дейінгі 296 арыз берушіге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалды.

Аудан тұрғындары базар бағасынан 15-20% төмен бағамен өнім алу мүмкіндігі бар ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру мәселесі өзекті болып отыр. 2016 жылы барлығы 38 жәрмеңке өткізілді. Тұрғындардың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына арналған 9 павильон жұмыс істейді.

Тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің аппараты ардагерлерді де назардан тыс қалдырған емес. Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығына арналған мерекелік шаралар өткізілді.

Октябрь ауданында 50 білім беру мекемесі, 17 мектепке дейінгі мекеме, 27 балалар-жасөспірімдердің аулалық клубтары, 5 медициналық-әлеуметтік мекеме, 22 денсаулық сақтау мекемесі, 3 мәдениет мекемесі, 3 спорт мектебі бар.

Ауданда жастарға дуальды жүйе бойынша білім беретін 4 кәсіби-техникалық колледж жұмыс жасайды. Колледжді бітіргеннен кейін олар өздері практикалық тәжірибе алған кәсіпорындарға жұмысқа орналасады. 2016 жылы октябрь ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарына 270 колледж түлегі жұмысқа орналасты.

Денсаулық сақтау жүйесінде диагностикалау мен емдеу сапасы жақсартылуда. Майқұдықтағы №1 қалалық ауруханада жаңа буын жабдығы – томограф орнатылды. Балалар ауруханасы өкпені жасанды желдету аппаратымен жабдықталған. Перзентханаға А5 анестезиологиялық жүйесі қойылды. Емханалар базасында әлеуметтік дәріханалар жұмыс жасайды.

2016 жылы бюджет қаржысының есебінен Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі ғимаратының қасбетіне жөндеу жұмысы жүргізілді.

Жыл сайын ауданның аулалық футбол командаларының арасында «Аудандық футбол лигасын» өткізу дәстүрге айналған.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік, материалдық және тұрғын үй проблемаларын шешу үшін жағдай жасау, оқу, жұмыспен қамтылу мен демалысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аудандағы құқық бұзушылықтарын төмендету үшін ауданда Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы жұмыс істейді. 2016 жылы комиссияның 26 отырысы өткізіліп, 138 материал қарастырылды. Кәмкелеттік жасқа толмаған 28 бала комиссия өтінішхаты бойынша қала сыртындағы «Салют» лагерьне жіберіліп, 3 жасөспірім қаланы жасылдандыру бойынша «Жасыл ел» отрядына жұмысқа орналастырылды. Аз қамтылған 5 отбасына құқықтық және материалдық көмек көрсетілді.

Тарату бойынша жұмыс тобы 2016 жылы жылжымайтын мүліктің тұрғын нысандары бойынша 81 өтініш, тұрғын емес нысандары бойынша 127 өтініш қабылдап, 2050 адамға кеңес берді. Қазір құжаттарды қабылдау жұмыстары аяқталған.

Октябрь ауданында 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Аудан әкімінің аппараты азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу бойынша 9 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. 2016 жылы 14975 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, ХҚКО арқылы 14858, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 117 қызмет көрсетілген. Азаматтық ахуалдың 10326 актісі тіркелген. Күрделілік санатындағы 1261 іс қарастырылды. 13 миллион теңге сомасында бюджетке мемлекеттік баж салығы түсті.

Аудан әкімінің сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы арнайы бөлім бар.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша барлық жұмыстар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүргізіледі. 2016 жылы құжат айналымының жалпы көлемі 14242 бірлікті құраса, оның 515-і жеке тұлғалардан, 447-і заңды тұлғалардан, және 7758 іскер қатынас қағаздары. Өтініштердің қарастыруларының ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Айқын» бағдарламасы жұмыс істейді.

Тоқсан сайын аудан әкімінің аппаратында Ашық есіктер күні өткізілді. 43 тұрғын коммуналдық қызметтер көрсету, автожолдар жағдайы, МИК жұмысы, ауданды абаттандыру, жарықтандыру, жасылдандыру және санитарлық тазалау, құқықтық сипаттағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға қатысты кеңестер алса, 17 өтініш орындалды.

Апта сайын жеке сұрақтар бойынша әкім мен оның орынбасары тұрғындарды қабылдайды. Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметіндегі тәуліктік диспетчерлік қызмет жұмыс жасайды.

Октябрь ауданындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін 7 Жергілікті басқару кеңесі құрылған. Оның құрамына Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары, жергілікті полиция қызметі, кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлері, МИК төрағалары, қоғамдық бірлестік өкілдері кіреді. Кеңестер жергілікті атқарушы органдардың аудан тұрғындарымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жұмыс жасау, ауданның санитарлық жағдайы және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас мәселелері бойынша кеңес беру органы болып табылады. 2016 жылы Кеңес 27 азаматты жеке қабылдап, 82 өтінішті қарады.

2016 жылы 717 адам қатысқан тұрғындармен аудан әкімінің 3 есептік кездесуі өтті. Келіп түскен 61 өтініш пен арыздар бойынша түсініктер мен жазбаша жауаптар берілді. Есептік кездесулер өткізу қорытындылары бойынша 4 іс-шара жасалып, бүгінгі күні олардың барлығы орындалды.

Өткен жылы ауданның қысқа мерзімді және стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру жұмыстарына негіз салынды. 2017 жылы жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Бұл 35 көп қабатты үйді қамтитын 6 аулалық аумақты уақытылы және кешенді абаттандыру. АХАЖ ғимаратына жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. Ауданның көптеген автомобиль жолдары мен орамішілік жолдарына бірнеше жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеуі себепті ұзындығы 31,4 км құрайтын 21 автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғын үй қорын сақтау үшін көп қабатты тұрғын үйлердегі басқарудың заңды формасын құру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

2017 жылдың басты оқиғасы – аудан кәсіпорындары мен ұйымдарының ұжымдары қатысатын «ЭКСПО-2017» көрмесі мен 2017 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада болмақ.

Ержан Темірханов,

Октябрь ауданының әкімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button