Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет жауапкершілік жүктейді

  Жуырда «Достық» үйінде мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры Өмірзақ АМАНТАЕВТЫҢ төрағалығымен «Бірыңғай құзыреттілік шеңберін әзірлеу және оны «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді тестілеуден өткізу кезінде пайдалану» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Өткен жылы ҚР Үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымына жүгініп, мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың тың тәсілін іздестірген болатын. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасының «Бірыңғай құзыреттілік шеңберін әзірлеу және оны «А» және «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне енгізу» жобасының жетекшісі Эдуард Захарченко мәлімдеді. Жоба жетекшісінің кеншілер шаһарына ат басын бұруының негізгі себебі де сол екен. Шараға, сонымен қатар, «Hill menegment» компаниясының сарапшысы, доктор Веселин Канчев те қатысты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселесі айрықша атап өтілген. Бұған қатысты «Ұлт жоспарында» «Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс» деп нақты көрсетілген. Бірыңғай құзыреттілік шеңбері – негізгі 4 топқа ұйымдастырылған 11 құзыреттіліктен тұрады. Соның негізгі қағидаттары – ашықтық пен есеп берушілік, тиімділік және халыққа қызмет ету. Осы ретте мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттері де ескерілетін болады. Тиімділікке қатысты қойылатын талаптар қатарында – қызметін басқару (жұмыстың тиімді орындалуы үшін оны жоспарлау және жүйелендіру қабілеті), әрекеттестік (мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына жету жолында әріптестерімен, өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен қарым-қатынас орната білу қабілеті), шешім қабылдай білу (жағдайды (ақпаратты) жан-жақты бағалап, кейін оңтайлы шешім қабылдай білу қабілеті), жеделділік (ішкі және сыртқы өзгерістерді жылдам сезіне біліп, жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету қабілеті), өзін-өзі дамыту (жұмысты жақсарту мақсатында жаңа білім мен ептілікке, машықтануға үздіксіз ізденіс, білімін жетілдіріп отыру) қасиеттері бар. Халыққа қызмет ету қабілетінің өзі қызмет тұтынушыға бағдар жасау (көрсетілген қызмет сапасына үнемі бақылау жасау және заңнамамен бекітілген шараларды қолдана отырып, пайда болған мәселелердің тез арада шешімін табу) және оны ақпараттандыру (қызмет алушыға қол жетімді және түсінікті етіп жеткізу) қасиеттеріне негізделеді. Ал, ашықтық пен есеп берушілік – парасаттылыққа ауыса отырып, мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен стандарттарын ұстануын қадағалайды.

Эдуард Захарченко жоғарыда аталған мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеттеріне ерекше тоқталды.

– Бұдан былай мемлекеттік қызметшінің жеке қасиеті айрықша назарға алынады. Оның ішінде, халыққа қызмет етушілердің жауапкершілігі (ашықтық пен есеп берушілік принциптерін толық ұстана отырып, қызметінің мүлтіксіз орындалуы мақсатында жеке бас жауапкершілігіне үнемі бағдар жасау) артады. Бұдан өзге, бастамашылдық қасиеті де (қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында тың бастамаларды ортаға салып, пайда болған мәселені шешудің инновациялық тәсілін ұсыну) бағаланады. Мемлекеттік қызметші отбасында және өзге де жағдайларда орын алған келеңсіз жайттарға, уақыт тығыздығы мен эмоциялық қысым көруіне қарамастан, сабырлық сақтап, жұмыс сапасын төмендетпеу мақсатында өзін-өзі ұстау қабілетін танытуға міндетті, – дейді жоба жетекшісі.

Рауан Қабидолдин

Басқа материалдар

Бір пікір

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button