Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу шараларына қатысушы – әлеуетті өнім тасымалдаушылардың назарына

2016 жылдың басынан мем­лекеттік сатып алу үрдісін жеңілдетуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге, сондай-ақ, әлеуетті өнім тасымалдаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын тиімді механизмдерін енгізуге және қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қол­даныста.

Қаржы министрлігі арқылы тү­сіндіру жұмыстары және үрдісті техникалық жабдықтау арқылы мем­лекеттік сатып алу принциптерін нақты іске асыру жөнінде жүйелі жұмыс атқарылуда. Мұндай механимздердің бірі – ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау ұйымдары арқылы камералды бақылауды енгізу болып табылады.

РММ Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит де­партаменті аталған мақалада мақ­саттары мен құралдар туралы және биылғы 8 айдағы камералдық ба­қылау қорытындылары хақында хабардар етеді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14 бабына және Камералдық бақылауды өткізу ережесіне сәйкес Қаржылық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелерімен камералдық бақылау жүзеге асырылады.

Камералды бақылау – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нысанға бармай, сараптама мен жүйедегі ақпараттарды, сондай-ақ, мемлекеттік аудит нысандарының қызметтері туралы мәліметтерді салыстыру бойынша бақылау жүргізудің бір түрі.

Камералдық бақылаудың мақсаты – дер кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анық­талған кемшіліктерді мемлекеттік аудит нысанына құқықбұзушылықты өз бетінше жоюға және мемлекеттік аудит нысандарында әкімшілік жүктемені төмендетуге құқық беру.

Камералды бақылау ұйымдастыру­шылар мен тапсырма берушілер тарапынан жіберілген заңнамада орын алған кемшіліктерді уақытылы анықтауға мүмкіндік береді, бұл болса, мемлекеттік сатып алуда сыбайлас жемқорлықты бірнеше есе төмендетеді.

Сонымен қатар, ҚРӘҚтК-не (2014 жылдың 5 шілдесіндегі №235 «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Респбуликасының Кодексі) өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, егер лауазымды тұлға камералдық бақылау кезінде анықталған кемшіліктерді он жұмыс күні ішінде (тексерілген тұлғаға камералды бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы ескерту берілгеннен кейін келесі күннен бастап ҚР ӘқтК 207 бабы 2 тармағы) өз бетінше жойған жағдайда, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

Камералдық бақылау механизмдері.

Қазіргі уақытта камералдық бақылауға мемлекеттік сатып алудың барлық үрдісі қамтылған, алдағы уақытта бухесептің электрондық формат­қа көшуіне орай қаржылық есептің электрондық аудиті де жүргізі­летін болады.

Мемлекеттік сатып алу шаралары бұзылған жағдайда Департамент мем­лекеттік аудит нысанына камералдық бақылау кезінде анықталған кемшіліктер, оның түрі, белгілі болған бес күннен кем емес мерзімде кемшіліктерді жою туралы ескерту жолдайды.

Егер келіскен жағдайда мемлекеттік аудит органдарын міндетті хабардар ету арқылы жойылады.

Камералдық бақылау қорытынды­лары 2016 жылдың 8 айында департа­мент конкурс және аукцион арқылы өткізілген 115,24 млрд.теңге болатын мемлекеттік сатып алудың 6 мыңнан астам (6862) шарасы қамтылды.

Сөйте тұра, әрбір төртінші сатып алу бұзушылықпен өткізілген – ол 33,242 млрд.теңгенің 1528 шарасы.

Бүгінде барлық кемшіліктер жойылды.

2016 жылы жарияланған конкурстық құжаттаманың барлығын департамент тексерістен өткізді – 4 722 лот, артық талаптар 1 256 КҚ-да немесе ширегінен көбінде белгілі болды (26,6 пайыз).

Заңнама талап етіп отырған типтік талаптар мынадай:

жұмыс өтілінің болуы (тапсырыс берушілер ықтимал өнім берушілерге тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сатып алу нарығында тәжрибесінің болуына орай мемлекеттік сатып алу 100000 АЕК-тен асатын жағдайда және мемлекеттік сатып алуды іске асыруға бөлінген сома 250000 АЕК-тен (5 жылға дейін) асып кетсе біліктілік талаптарын талап етеді (Мемлекеттік сатып алуді өткізу ережесі 442 тармақ);

тауарларды жеткізу мерзіміне шектеу қою (жұмыстарды орындау және қызмет көрсету онда аз мерзімі 15 күннен кем емес (Мемлекеттік сатып алу туралы Заң 43 бабы 22 тармақ);

конкурстық құжаттамада кепілдік қаржы салымына банктің шотын көрсетпеу немесе дұрыс көрсетпеу (яғни, өтінім қамтамасыз ету);

бір тектес тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді оларды жеткізу орны бойынша бөлмеу;

мемлекеттік сатып алуды қоғамдық бірлестіктер мен мүгедектер арасында емес өткізу (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 51 бабы және ҚР Үкіметінің 2015 жылығы 31 желтоқсандағы «Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедек­терінің қоғам­дық бірлестіктері құрған ұйым­дардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қыз­меттер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» №1181 қаулысы);

техникалық ерекшелігі және т.б. болмауы.

Заңсыз талаптар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі принциптерін, нақтыласақ, әлеуетті өнім берушіге бірдей мүмкіндіктер мен әлеуетті өнім берушілер арасында лайықты бәсекелестікті ұсынудың тең мүмкіндіктерін бұзады (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 4 бабы).

Конкурс қорытындысынан соң шараларды қарастыруда 2104 іс-шарада 272 кемшілік пен бұзушылық анықталған, ол бақылау қамтыған жалпы санның 13 пайызы. Бұл кемшіліктердің құны 17,3 млрд.теңге көлемінде.

Қазіргі таңда барлық кемшіліктер толық көлемде жойылды.

Сондай-ақ, департаментке тап­сырыс берушінің, мемлекеттік сатып алушының шешіміне, бірыңғай мем­лекеттік сатып алуды ұйымдас­тырушының немесе конкурстық комис­сияның (аукциондық комиссия­ның), сараптамалық комис­сияның, сарапшы­ның, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты арыз-шағымына келіспейтінін біл­дірген жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түседі.

Департамент тарапынан мұндай өтініштер заңнамада көрсетілген талаптарға сай қарастырылып отырады.

Қарағанды облысы

бойынша ішкі мемлекеттік

аудит департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button