Бас тақырыпПрезидент
Мемлекет басшысы: «Шетелдегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ республикалық «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатында шетелдегі қандастарды елге қайтару мәселесі назардан тыс қалмайтынын айтты.
«Қоғамдық пікірге қозғау салған отандастар мәселесін қолдан саясаттандыруға болмайды. Шетелдегі қандастарымызды (“оралман” деген сөзге мен қарсымын) Атамекенге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Әлемнің түпкір-түпкіріндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің парызымыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.