Жаңалықтар

Медиацияның мәні неде?

2011 жылы Елбасымыздың бастамасымен Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, қазіргі уақытта Республикамыздың барлық аймақтарында Медиация институты кеңінен қолданылып жатыр.

Медиация дегеніміз, заңда көрсетілгендей тараптардың келіспеушілік, дау-дамайға келген жағдайда көмектесу деп көрсетілген болса, біздің ұстанымымыз, идеямыз – ол бұрынғы билердің қызметі, содан бастау аламыз.

Медиацияны дамыту «100 нақты қадам» ұлт жоспарында белгіленген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Халқы Ассамблеясы жұмысының жаңа бағдарын – қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық және медиация жұмыстарын күшейтуі қажет, – деп тапсырма берді.

Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медиация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болуы тиіс екенін атап көрсеткен болатын.

Сондықтан, елдегі медиация институтының дамуына, мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, медиацияның кеңінен қанат жаюына, қолдан келгенше ықпал етуі қажет. Өйткені, медиацияның елімізде болашағы өте зор. Оны бір деңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізеді!

Ертедегі қазақ халқында полиция, прокуратура, сот, түрме органдары болмаған. Осынау құзырлы органдардың қызметін Дала билері атқарған.

Дала билері медиациялық әдіспен жанжалдасқан екі жаққа әділ билігін айтып, татуластырып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен.

Ел шетіне келген қалың қолды күш қолданбай-ақ қайтарған, тіпті, халықаралық мәселелердің өзін соғыссыз-ақ дипломатиялық жолмен келістірген.

Медиацияның шеберлігі де сонда, жауласқан екі жақ бейбіт келісімге келіп, бір-бірімен достық қарым қатынасын сақтап қалады.

Бұның бәрі ата-бабаларымыздан қалған ата Конституциясы.

«Елдестірмек – елшіден», деген тамаша түсінік бар.

Бұл орайда бітімгершілік рәсімдері мен медиация тәжірибесін дамытудың маңызы зор. Бұл екі тараптың дауды қысқа мерзімде, материалдық және моральдық неғұрлым аз шығынмен шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының пәрменімен медиация тәртібімен жекелеген істер мен дау-шарларды сотқа дейін реттеуді жүзеге асыру жөнінде қанатқақты жобасы қолға алынды. Әзірге жобаның тиімділігі мен нәтижесі тоқталу ертерек, дегенмен, күні ертең-ақ аталған Заңның замана талабымен үйлесімді үндестік табатыны анық.

Е.ӘБІЛДИН,

«Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button