Медиация – өркендеу қадамы
Кез келген дау немесе дау-жанжалда жағдайды және ресурстарды әділ бағалайтын үшінші адам болуы керек. Міне, Қазақстандағы медиация бес жыл бойы осымен айналысып келеді.
Егер, сіз түсінбестікке тап болып, дауласып, жанжалдассаңыз, жағдайды шешу үшін таңдау бар: екінші жақпен өз еркіңізбен келісімге келуге, сотқа немесе медиацияға жүгінуге болады. Стратегияны таңдау дау-жанжалдың сатысына және тағы да бірқатар жанама факторларға байланысты. Әрбір дау-жанжалды шешу жолдарының өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары бар және олардың ең маңыздысы медиацияда.
Кейбір құқық сарапшылары дамыған елдерде сәтті қолданылатын альтернативті сот қоғамының дамуы жөніндегі дау-жанжалдарды шешу формаларын талқылайды. Медиацияның бір артықшылығы – медиатор екі тарапқа да қолайлы, ол қарым-қатынасты сақтауға және қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін шешім табуға көмектеседі.
Медиация сотты алмастырмайды. Өйткені, олардың міндеттері мен жұмыс формалары әртүрлі. Медиация рәсіміндегі толық құпиялылық қолайлы келіссөздер жүргізуге ғана мүмкіндік туғызып қана қоймай, дау-жанжал кезінде жапа шеккен оның беделін сақтауға да мүмкіндік береді. Медиация рәсімін кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жүргізуі мүмкін. Олардың кейбіреуінің құзыретін, әрине, тексеру қажет. Кәсіби медиаторлар арнайы дайындықтан өткендіктен, психология, мәдениет, құқыққа сай білімдері болып, дипломатиялық техникаларды меңгеруі қажет. Кәсіби емес медиаторлар – өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, тараптардың келісімге келуіне көмектесе алатын құрметті адамдар.
Медиатор судья емес, ол тараптарға міндетті шешімдерді қабылдамайды. Ол келіссөздерді тиімді түрде жүргізуге көмектеседі және оларды тиісті арнаға бағыттайды. Медиатор медиация рәсімі барысында дау-жанжалдағы екі тарапты да қанағаттандыратын, тараптардың одан кейін шешімін табуға оңай болатындай шынайы мүдделері мен қажеттіліктерін анықтайды. Эмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі. Медиация рәсімінде дау-жанжалдың сотта шешуге мүмкін болмайтын тиісті барлық нұсқалары зерделеніп, талқыланады. Сондай-ақ, медиативтік келісімдердің өміршеңдігіне себепші болып, жағымсыз жағдайлардың орын алмауына тәуекел етеді.
Медиация рәсімдері дау-жанжал жағдайларын шешетін және өз күші бойынша сот шешіміне тең келетін жазбаша келісімдерді құрастырумен аяқталады. Медиативтік келісімдер орындалуға міндетті құқықтық құжат болып табылады. Оның үстіне медиация дау-жанжалды шешуде жұмсалатын шығындарды айтарлықтай үнемдеуге көмектеседі. Медиация өту кезіндегі максималды жайлылық жыл сайын оның қажеттілігін өсіреді. Өйткені, қоғамның дамуына қарай қызметтер нарығы жаулап алған технология да даму үстінде.
Қазіргі таңда Жоғарғы соттың қолдауымен медиация тәртібімен даулардың жеке категориялары бойынша дауларды (дау-жанжалдарды) сот алдында реттеуді енгізу бойынша жоба басталды. Аталмыш жобаның мақсаты – медиацияны насихаттау және азаматтардың сот шығындарын барынша азайту болып табылады.
ҚР «Медиация туралы» Заңына сәйкес, Қарағанды облысының кәсіби медиаторлары даулардың (дау-жанжалдардың) түрлі категорияларын шешуде азаматтарға қажетті көмек беруге әзір. Медиаторлардың ұйымдары туралы қажетті ақпаратты Қарағанды облыстық сотының ресми www.dialog-mediation.kz сайтынан немесе 8 (7212) 255553 телефоны арқылы ала аласыздар.
Қарағанды облысы әкімі
аппаратының «Қоғамдық келісім» КМК медиация бөлімі.