Жаңалықтар

Манарбек мұрасы мұқабаланды

     Жуырда Ақтоғай ауданында әнші, композитор Манарбек Ержановтың 115 жылдығына арналған «Бақыт жыры» атты әндер мен күйлер жинағының тұсаукесер кеші өтті.

     Шараның басты жаңалығы ретінде Манарбек әндерін белгілі әнші Дәуренбек Әркенов домбыраға арнап әзірлегенін, даңқты дирижер Әбдуғалисын Шоқанбаев әндер мен күйлерін кейін оркестрге қосқанын айта кеткен абзал. Ал, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығы ғылыми-әдістемелік орталығы бұрын жарық көрген нота жинақтарын біріктіріп, облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылығымен «Бақыт жыры» атты кітапты ұсынды.

    Тұсаукесерге Манекеңнің әндерін насихаттап жүрген аймағымыздың айтулы әншілері ат басын бұрды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button