АймақШахтинск

Мамандығына мығым Мұрат

Шахтинск қаласындағы «Улыбка» тіс емханасының ашылғанына он жылға жуықтады. Содан бері тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Мұнда тіс жұлатын және емдейтін үш кабинеттің бәрі де заманауи жабдықтармен жарақтандырылған, алты адам жұмыс істейді. Соның ішінде, жас маман Мұрат Тахировтың еңбегіне елдің ықыласы мен ілтипаты ерекше.

Сурет М.Тахировтың жеке мұрағатынан

Ол туралы аталған емхананың директоры Елеукен Отыншықызы: «Мұрат бізге 2019 жылдың күзінде келді. Осы уақыт аралығында ол өзінің ісіне адал берілген, мамандығына мығым екендігін көрсете білді. Қаралуға келген әр кісімен тіл табысып, олардың өтініштерін мұқият тыңдап, стоматологиялық үдерістердің барлығын аспай-саспай, сабырмен, сапалы, мінсіз орындап жүр», – дейді.

2010 жылы Топар кентіндегі Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектепті бітіріп, сол жылы бірден Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің стоматология факультетіне оқуға түседі. Одан кейін сол университеттің интернатурасын аяқтаған бойда Отан алдындағы борышын Қарағанды қаласының іргесіндегі әскери бөлімде өтеп келеді. Онда жүргенінде де стоматолог ретінде сан рет әскери жаттығу жиындарына да қатысқан.

Мұрат Бекенұлы облыс орталығындағы «Нұрболат» жеке меншік тіс емханасында да стоматолог болып жұмыс істейді. Десе де, өзі туған Шахтинск қаласында да еңбек етіп, туған қаласының тұрғындарына көмек қолын созуда. Қай жерде болсын, мамандығына мығым Мұрат жұрттың көңілінен шығып, халықтың алғысын арқалап, ризашылығына бөленіп жүр.

Ержан ИМАШ,
ШАХТИНСК
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button