Спорт
Махмуд Сабырхан Азия чемпионатында финалға шықты
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан финалға шықты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Джеричо Акайлармен финалдың жолдамасын сарапқа салды.
Махмуд екінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен жеңді. Төрешілер есебі – 5:0.
М.Сабырхан соңғы бәсекеде таиландтық Саравут Суктетпен алтын медаль үшін таласады.