Руханият

Мағжантанудың маңызды мәселелері

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін, еңсемізді тіктеуге Алаш қайраткерлерінің мұралары дәнекер болды. Бұрынғы Кеңес дәуірі мен атқамінерлерін асыра мақтап, әсірелей сипаттайтын әдебиеттерді оқитындарға басқаша ой салып, тарихқа қалай қарау керектігімен толқытқанда солардың жарық көрген мұралары еді. Сандаған жылдар бойы қапастағы сандықтарда сарғайып жатқан, халқымыздың шындық үшін арпалысқан шынарлары Шәкәрім, Міржақып, Әлихан, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан және т.б. шығармаларын құлшына оқығандар көп екені аян. Ойға француздың филологы және тарихшысы Жозеф Эрнест Ренанның: «Шындыққа ғашық адамның ақын немесе ұлы болуының қажеті жоқ. Өз тарапынан ешқандай күш-жігер жұмсамай-ақ, ол – ақын да, ұлы да» дейтін пікірі түседі. Ғасырға жуық туған халқынан жасырылып, ел игілігіне айналмаған алашшыл ғұлама дарындарымыз шындық үшін арпалысып, ақиқатты айтқаны үшін атылып кете барыпты.

Осы сұрапыл мен дүрбелеңнің құрбаны болған, қазақтың қайталанбас ақыны, ғасырға жуық атын атау­ға тыйым салынған, мұрасы көзден тасаланған Мағжан Жұмабаев екендігі баршаға мәлім. Жастайынан оқу оқып, білімі мен ізденісі жағынан өз дәуірінің айтулылары қатарынан көрінген ақынды қолдаушылар көп болды. Мағжанның қазақ поэзиясына келуі ерекше құбылыс еді. Өзінің «Мен кім?», «Өткен күн», «Орал», «Орал тауы», «Түркістан», «Мен жастарға сенемін», «От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Алыстағы бауырыма», «Жер жүзіне», «Қазақ тілі» және т.б. өлеңдерінде ақынға тән асаулық, сөз сүлейі байқай алатын аңғарымпаздық, түркіден қалған тектілік ұрандап тұр…

Материалдың толық нұсқасын газеттің 13.05.2023 №52 (23 228) санынан оқи аласыздар. 

Берік РАХЫМОВ,
Е.Бөкетов атындағы ҚарУ профессоры,
филология ғылымдарының докторы,
ЖОО үздік педагогі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button