КоронавирусРесми

Мәжбүрлі демалыс кезінде мұғалімдердің жалақылары толық көлемде сақталады

Қазақстанда мектеп оқушыларына мерзімінен бұрын демалыс жарияланды, ал жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қашықтықтан оқуға көшті. Аталмыш шара COVID-19 коронавирусының алдын алу мақсатында жасалып отыр. Мәжбүрлі демалыс кезінде мұғалімдердің жалақылары толық көлемде сақталады. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

 Қарағанды облысында  70 колледж бар. Олардың барлығы электрондық оқыту платформаларына қосылған.
Өңірде тек 70 студенттің интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. Олар үшін арнайы оқыту «Қазпочта» АҚ сервистері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Қалған 36 900 студент Bilimal, Platonus, Smart College және Moduls жүйелерінің көмегімен жаңа білімді меңгереді. Сабақтар бейнесабақтар, дербес онлайн-жұмыстар және курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар форматында өтеді.

 – Мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары сияқты, демалыс кезінде қашықтықтан жұмыс істейтін болады. Бұл ретте жалақыны толық көлемде және тиісті мерзімде алады, – деді Есенғазы Иманғалиев.
Оның айтуынша, үшінші тоқсан бойынша оқушылардың бағалары төртінші тоқсанның басында қойылады.
Жақын арада барлық оқушылар «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» сабақтарынан басқа барлық пәндер бойынша каникул уақытында орындайтын тапсырмалар алады.

Басқа материалдар

Back to top button