Руханият

Мұражай қызметіне – жаңаша көзқарас

Қазақстан – әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз мемлекет ретінде танылған ел. Тәуелсіздік жылдарында қоғам өмірі, тарихи-мәдени құндылықтарға деген көзқарас айтарлықтай өзгерді. Азат ел азаматтарының жаңа буыны өсіп, өз халқының тарихы мен мәдениетіне үлкен қызығушылық танытуда. Болашақта да солай болады деген үмітіміз басым. Осынау қоғамдық қажеттілікті тиісті кәсіби деңгейде қанағаттандыру және халық рухының қайта жаңғыруына үлес қосу үшін мұражай мекемелері ауқымды жұмыс жүргізіп келеді.

 

Қазіргі заман мұражайлары қоғамның түрлі сұраныс-талаптарына жауап беруі тиіс. Мұражай – әлеумет саласы мен оның элементтеріне көп деңгейлі белсенді әсер ету механизмі. Денсаулық мүмкіндіктерімен ерекшеленетін адамдардың жекелеген топтары өзіндік құнды қондырғыларға және өзін-өзі сәйкестендіру мұқтаждықтарына ие.

Бұл процестің инклюзия проблемаларына ерекше қатысы бар. Сондықтан, жаңа музейлік ғылымипрактикалық тәсілдерді дамыту үшін осы феноменмен жұмыс істеуге және мұражайдың қызметтерін кеңейту үшін мұражайлық контекстке «мәдени инклюзия» ұғымын енгізуге болады. Бүгінде мұражайлар қызметін қажет ететін аудиторияны кеңейтуге мүдделі.

Әлеуметтің жекелеген топтарына және олардың тұлғалық дамуына ықпал етудің мүмкін механизмдерінің бірі бола отырып, мұражай толеранттылыққа тәрбиелеу, әлеуметтік қайшылықтарды реттеу, жалпы, ішкі талғам мен мәдени деңгейді арттыру арқылы көпмәдениетті орта құру әлеуетіне ие. Оның идеологиясының негізінде қоғам туралы түсінік жатыр. Сондай-ақ, оның институттары нәсілімен, діни наным-сенімімен ерекшеленетін адамдарды немесе ерекше қажеттіліктері бар жандарды қанағаттандыруға баулитындай, айтарлықтай модификациялауды көздейді.

Жалпы алғанда, қазіргі таңда қоғамымыз үшін жаңа әрі өзекті сын-қатер «мәдени инклюзия» болып отыр. Бұл мәселе денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты қазіргі заманғы гуманитарлық проблемалардың қатарында аса өткір тұр. Алайда, мәдениет саласындағы инклюзия туралы нақты түсінік жоқ. Сондай-ақ, мәдени бірігу процесінің барлық тереңдігі мен күрделілігін көрсететін «мәдени инклюзия» деген тұжырымдалған термин де жоқ. Бұл ретте бүгінде түрлі контексте «Музейдегі инклюзия» деген сөз тіркесі қолданылып жүр. Ал, бұл – жалпы мәдени феноменнің дербес күйі. Мәдени инклюзияны зерттеу және оны іске асыру проблемасы өте өзекті және ауқымы тар практикалық-бағдарлау емес, мұражайлық сипатқа ие.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы бүгінде ерекше қамқорлықты қажет ететін жандармен жұмыс жүргізу әдістемесін енгізуде. Бізге «Лучик Надежды» қайырымдылық қорынан, Саран қаласының ересектерге арналған психоневрологиялық диспансерінен, Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектер пансионатынан жиі келіп тұрады.

Қорыта айтар болсақ, қазіргі өміріміз әлемдік мұражай тәжірибесінде болып жатқан интеграциялық процестерді ескере отырып, Қазақстан мұражайларының қызметін түбегейлі қайта қарауды, мекемелердің қызметін жетілдіруді, ал мұражай саласына деген қарым-қатынасты нығайту жолдарын түбегейлі қайта сүзгіден өткізуді талап етеді. Бұл – жаңаша ойлау тұрғысынан қарағанда қоғамды ізгілендірудің, онда жоғалған адамгершілік идеалдар мен рухани құндылықтарды қалпына келтірудің маңызды факторларының бірі. Әсіресе, қоғамдық-саяси өмірдің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер болған кезде өте өзекті. Мұражай кешендерін жобалау және салу кезінде ғимараттар келушілерге арналған демалыс аймақтары мен арбамен жүретін мүгедектер арбасына таңылған жандарға арналған арнайы кіреберістер мен өткелдер және лифтілермен жабдықталуы қажет. Музей мамандарын дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін құру мәселелерін шешу қажет.

 Әсел ТАЗАБЕКОВА,

облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері.

Басқа материалдар

Back to top button