Аймақ
Мүмкіндігі шектеулілерге барлық жағдай жасалған
Абай ауданында да елімізде АЭС құрылысы салынуына байланысты референдум қарқынды өтуде. Мұндағы 42 дауыс беру учаскесінде тіркелген 38628 адамның жартысына жуығы түскі сағат 14.00-ге дейін өз таңдауларын жасады.

Олардың арасында мүмкіндігі шектеулі жандар да бар. Дауыс берушілердің бұл санатына жағдай жасау үшін учаскелердің кіреберісіне пандустар орнатылып, ғимарат ішінде арнайы бұрыштар жасақталған.
Ержан ИМАШ,
Абай ауданы.
Ortalyq.kz