«Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағы тазартылды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының екінші аптасы – «Киелі мекен» деп аталады. Акция аясында Қарағандыдағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағы қоқыстан тазартылды. Шараға ардагерлер мен еріктілер қатысып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-16-at-17.12.24-3-696x464-1.jpeg)
Мемлекет басшысы экология мәселесіне үлкен мән беріп, ауқымды акция өткізуді қолға алған болатын.
Бүгінде осы акция аясында өңірдегі барлық мекеме ұжымы акциядан қалыс қалмай ауыл-аудан, қала көшелерін, саябақтармен алаңдарын қоқыстан тазартуда.
– 13-20 аралығында тарихи-мәдени ескерткішінің маңайын қоқыстан тазартылады. Әсіресе, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ескерткіштер жуылды. Апталықтың соңына дейін 40-тан астам ескерткіш жуылып, аумағы абаттандырылады, – деді Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Ғазиз Зұлхарнай.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz