Брифинг

Ұлытаулық шаруаларға қолдау бар

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Ұлытау ауданының әкімі Советбек МЕДЕБАЕВТЫҢ қатысуымен брифинг өтті. Онда ауданның экономикалық-әлеуметтік даму барысы жөнінде сөз қозғалып, шаруаларды қолдау шаралары туралы айтылды.

– Ұлытау ауданның экономикасы ауылшаруашылығы бағытында дамыған. Аудандық жалпы ішкі өнімнің 73 пайызы осы салаға тиесілі. 2021 жылдың өзінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 28 млрд. 895.8 млн. Теңге болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 105.7 пайызға артық, – дейді Советбек Медебаев.

Аудан басшысының айтуынша, бұл көрсеткішке Қазақстан Республикасында 2017-2021 жылдар аралығында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында көрсетілген мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде қолжеткізілген екен.

2021 жылдың жаз маусымы қазақстандық шаруалар үшін қолайсыз болды. Қуаңшылық салдарынан шөп сирек өсіп, егін дұрыс өнім бермеді. Оның үстіне алапат өрт қосылып, ұлытаулық фермелерді әбігерге салған еді. Оларға резервте тұрған жердегі шөпті шабуға рұқсат берілген. Советбек Медебаевтың мәлімдеуінше, егер биыл да қуаңшылық қайталанып, қысқы мал азығын әзірлеуде қиындықтар туындаса, онда шаруаларға мемлекеттік резервте тұрған жерлерден шөп шабуға рұқсат беріледі.

Басқа материалдар

Back to top button