Теміртау

Ұлттың ұтары көп

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында  2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық іс-қағаздар  мен оқулықтар осы қаріппен жазылу тиіс екендігін тапсырды. Соған орай, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт өткізбей осы жұмыстарды қолға алу қажеттігін атап өтті. Шын мәнінде латын әліпбиіне  көшу –  заман талабы. Бұл өте өзекті мәселе.

Қазіргі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты қызу пікірталастар  өтуде. Ол жағдайда не ұтамыз деген де заңды сұрақ туындайды. Бұл – біріншіден, тіл тазалығы. Тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, оның табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Тағы бір ұтымды тұсы – латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық  дәрежеге шығуына жол ашады. Ал, түбі бір түркі дүниесі негізінен латынды қолданады. Олай болса, бұл өзара рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық тығыз байланысымызды күшейтеді.

                   Зура ОСПАНОВА,

«Отан-Заман» газет

редакциясының директоры.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button