Жаңалықтар

Ұлттық павильонда – ұлттық нышан

Ұлттық

павильонда – ұлттық нышан

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіндегі Қазақстанның ұлттық павильонын Энергетика министрлігі әзірлеуде.

Павильонның бірінші бөлігінде республикамыздың ландшафты, мәдениеті, тарихы, қазіргі және болашақта қолға алынатын жобалары ұсынылады.

«Жасампаз энергия» аймағына Көрме тақырыбына сай, отандық ғалымдардың үздік жобалары және Тоқамақ-термоядролық материалтану реакторының қазақстандық үлгісі енген.

Рекорд

Орнатты

«Siemens» компаниясының «Extra 330LE» электр ұшағы сынақ барысында электрлік тарту күші арқылы жұмыс істейтін лайнерлер арасында жылдамдық бойынша рекорд жасады. Электр ұшағы үш шақырым қашықтықта жылдамдығын 340 км/сағ. дейін арттыра алды. Осылайша, әуе кемесі өзі қатарлы ұшақтар арасында рекорд жасады.

Елордада өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінде де осындай жаңа технологиялармен танысатын боламыз.

Баршаға

арналған биоэнергетика

Таиланд павильоны «Баршаға арналған био­энергетика» мазмұнын қамтиды.

Экспозицияның мақсаты – адамзат игілігі үшін биоэнергетиканы дамытуға өзге елдерді тарту.

Таиланд – ауыл шаруашылығы өнімдерін болашақ энергиясына түрлендіру саласының көшбасшысы. Таиландтың энергетика министрлігі елдің инновацияларын көрсету үшін 934,05 шаршы метр ауданда орналасқан «Sala Thai» тұжырымдамалық экспозициясын ұйымдастырып, Көрмеге келушілер саны бойынша павильонның бірінші ондыққа кіруі сияқты мақсатқа жетуді көздеп отыр.

Корольдіктің павильоны оқыту мен сауықтыруды қиыстыру қағидасына негізделген үш көрме залынан тұрады.

Әзірлеген

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button