«Әлихан – ұлт азаттық күрескері» атты танымдық деректі фильм таныстырылды
Бүгін «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде «Алаш-Орда» автономиясының құрылғанына 105 жыл толуына және автономияның тұңғыш төрағасы Әлихан Бөкейхан есімінің Октябрь ауданына берілгеніне бір жыл толуына орай «Әлихан – ұлт азаттық күрескері» атты танымдық деректі фильм таныстырылды. Фильм аяқталысымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов сөз сөйлеп, деректі фильмнің идея авторы һәм әлихантанушы Тұңғышбай Мұқанға алғыс айтты.
Сондай-ақ, Ербол Әліқұлов келер жылы Майқұдықтағы Карл Маркс көшесіне Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілетінін жеткізді. Бұл қала тұрғындары үшін тағы бір сүйіншілі хабар болды.
Ал, фильмде Алаш ақтаңгерлері Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевтай тұлғалардың өміртарихына шолу жасайды. Дерекнамада Жайық Бектұров,
Дәуітәлі Стамбеков сияқты танымал тұлғалардың Алаш арыстары туралы пікірлері қамтылған. Деректі туынды жайлы толығарық газеттің сейсенбілік санынан оқи аласыздар.
Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.