АймақБілімТеміртау

Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия жаңартылды

Алаш көсемінің атын арқалаған гимназия Теміртауда алғашқылардың бірі болып жаңғыртудан өтті. «Қазақстан халқына» қорынан қаржыландырудың арқасында материалдық-техникалық база жаңартылды. Сонымен қатар, 23 оқу кабинеті және қосымша білім беру бойынша 5 сынып жабдықталған. Білім ордасы бүгінгі таңда жаңа медиа, робототехника, STEM-зертханалардың заманауи кабинеттерімен, қыздар мен ұлдарға арналған тігін және ұста шеберханаларымен мақтана алады. 

Суреттер: қала әкімдігінің сайтынан

– Біз Теміртауда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, білім беруді тұрақты дамыту қоры және Назарбаев Зияткерлік мектептері іске асыратын «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына бірінші болып кірдік, – дейді оқу орнының директоры Құралай Нұрғалиева.

Жоба бойынша әр кабиентті заманауи жабдықтармен толықтырған. Әсіресе, биология кабинетіне микроскоптар, музыкамен айналысуға арналған ұлттық аспаптармен және тағы да басқа дүниелермен толықтырған. Одан бөлек, психологиялық жеңілдену кабинетіне де  жаңа жабдықтар алынған.

– Біздің гимназия таңдауға ілігуі үшін педагогикалық ұжым ауқымды жұмыс атқарды. Біз қатысуға өтініш бердік және жөнделген, әдемі кабинеттерді ұсындық. Жақын арада Теміртауда «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына тағы бірнеше мектеп кіреді, – деді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында осы жоба аясында Ақтоғай және Осакаров аудандарындағы Күләш Байсейітова атындағы және Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектептерінің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды.

Әділет ШОПЕН,
ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button