Жаңалықтар

«Үлгілі отбасылар» – марапат төрінде

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен облыстық «Үлгілі отбасы» байқауы өтті.

Сурет: Тілдерді дамыту басқармасынан

Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, бала тәрбиесінде ұлттың тарихи құндылықтарын ұстанып жүрген қоғамға үлгі отбасыларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқау екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен 10 отбасы қорытынды кезеңге жолдама алып, жұртшылықтың алдында өз өнерлерін ортаға салды.

Құрамына белгілі ғалымдар, тіл жаншырлары кірген қазылар алқасының шешімімен байқаудың жүлделі І орнын Байхадамовтар отбасы (Саран қаласы) қанжығасына байлады. ІІ орын Мировтар отбасы мен (Қарағанды қаласы) Тілеубектер отбасының (Шахтинск қаласы) еншісіне бұйырды. ІІІ орынға Кұлбаевтар отбасы (Қарағанды қаласы), Иманхандар отбасы (Осакаров ауданы), Оразалылар отбасы (Шет ауданы) лайық деп танылды. Ынталандыру сыйлықтарымен Әшірбековтер отбасы (Қарағанды қаласы), Байдүйсеновтер отбасы (Шахтинск қаласы), Кожековтер отбасы (Қарағанды қаласы), Тайлықбаевтар отбасы (Қарағанды қаласы) марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button