Бас тақырып

Әлеуметтік желілерде 80-нен астам есірткі арнасы бұғатталды

Бас көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 80-нен астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Сурет baq.kz

Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды. 

 – Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-нен астам телеграмм арналары бұғатталды, – делінген хабарламада.

Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button