Әлем алдындағы бедел

Приозерск қаласындағы орталық кітапханада «Латын әліпбиі: біз одан не күтеміз?» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында қазақ тілінің латын қарпіне көшу қажеттілігі, қазақ тілінің латынға көшу жағдайындағы сөздердің айтылуында болуы мүмкін өзгерістер сияқты мәселелер талқыланды.

Іс-шараға қатысушыларды құттықтаған қалалық кітапхана директоры П.Кенжебекова аталған реформаның жастар арасында қазақ тілінің беделін арттырады деген пікірін білдірді.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «Тіл жаршысы» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегері Н.Қарабеков мұндай өзгеріс Қазақстанның әлемдегі беделін жоғарылатады деп атап айтты. Ол сонымен қатар, латын қарпіне көші орыс тілінен мүлдем бас тарту дегенді білдірмейтіндігін тілге тиек етті.

– «Қазақ тілі түркі тілдерінің арасында өзінің лайықты орнын алатын болады. Біздің елдегі мемлекеттік саясат үш тілге негізделген, яғни, қазақ, орыс және ағылшын. Ал, латын графикасына көшу ағылшын және басқа да еуропалық тілдерді оңай меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, латын қарпі Қазақстанның бүкіл әлемдегі қазақ диаспорасымен рухани, мәдени байланысын нығайта түспек. Латын графикасына көшу шешімі – дер шағында қабылданған, әбден пісіп-жетілген шешім», – деп сөзін аяқтады Н.Қарабеков.

 Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.