Басты тақырып

Ластану деңгейі төмендеді

    Қарағанды облысы жер көлемі мен өнеркәсіптік мүмкіндігі жағынан ең ірі шикізатқа және минералдарға бай өңір.

Облыс аумағында алтын, молибден, мырыш, қорғасын, марганец қорлары шоғырланған. Бұған көмір қорларын, игеріліп жатқан темір және полиметалл кендерін қосыңыз. Бүгінде Қарағанды көмір бассейні республиканың металлургиялық өнеркәсібінің металлургиялық кәсіпорындарын коксты көмірмен жабдықтаушы негізгі көз болып отыр.

Аймағымызда І санатты 200 кәсіпорын шоғырланған. Олардың ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Bapy Mining» ЖШС, «Казхром» АҚФ «Казмарганец» КБ сынды өнеркәсіп алпауыттары бар.

Осы орайда, Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің алға қойған негізгі міндеттері жоғары. Тарқата айтсақ, қоршаған орта сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғат ресурстарын сақтау және қоғамның тұрақты экологиялық даму деңгейіне қол жеткізу. Бұл мақсатта Департамент өз құзыретінің шеңберінде мемлекеттік экологиялық саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге күш салып келеді.

ҚР Энергетика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (ҚР ЭМ 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 571 бұйрығы) қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік мөлшерлерін кезең-кезеңімен төмендету қарастырылған нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі тармақтар бекітілген. Қазіргі кезде мемлекеттің экологиялық бағыты эмиссия нормативтерін азайтуға бет алғанын ескерсек, нақты мөлшерлеріне қарағанда қоршаған ортаға жоғарғы эмиссия нормативтерін беруге жол жоқ, бұл Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің Стратегиялық мақсаттарына сай келмейді.

Департаменттің бұл бағытта жүргізген жұмысының нәтижесінде бұдан бұрынғы мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларымен салыстырғанда ластаушы заттар эмиссиясының нормативтік жобалары бойынша келесідей төмендетулерге қол жеткізілді.

Мәселен, «Карцемент» АҚ 397,627 тоннаға, «Central Asia Cement» АҚ 9090,8 тоннаға, «ТЭМК» АҚ ХМЗ 4468,15846 тоннаға, «Дорожник» ӨК 1,36 тоннаға, «ТЭМК» АҚ «Богач» марганец кеніші 23,88 тоннаға, ГРЭС «Kazakhmys Energy» ЖШС ГРЭС 3830,35 тоннаға ластаушы заттар эмиссиясын азайды.

Бүгінгі күнге, Қарағанды облысы бойынша атмосфералық ауаға ластаушы заттар эмиссиясының нормативтері 19 мың тоннадан аса мөлшерде төмендетілді.

Өңіріміздің қоршаған ортасына теріс ықпалды азайтудың айтарлықтай мүмкіндігі кәсіпорындардағы іс-шаралары жоспарларын толық көлемде орындау.

Биылғы жылы кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен 15,2 млрд. теңге сомасына табиғат қорғау іс-шараларын орындау жоспарланған. 9 айдың өзінде облыс кәсіпорындарында 6,6 млрд. теңге игерілді, бұл бір жылға жоспарланған соманың 44 % құрайды.

Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаментінде агломерациялық цехтағы ауыстыру пункттеріндегі құбырлық сүзгілер пайдалануға енгізілді. Шаң концентрациясы 250-350-ден 20 мг/м3 дейін төмендеді. Аглоөндіріс бойынша шаң шығарындыларының жалпы төмендеуі жыл сайын 2000 мың.тоннадан астам мөлшерді құрады.

Көмір департаментінің шахталарында (Абай, Шахтинск, Ленин атындағы) жолшыбай игерілетін метан газы қазандықтарда жағылады, бұл метан шығарындыларының төмендеуіне алып келеді. «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС қазандық агрегаттарында тазалау дәрежесі 99,7% құрайтын эмульгаторлар орнатылды.

«Kazakhmys Energy» ЖШС Жезқазған ЖЭО батарейлік эмульгаторы орнатылған, бұл көмір күлі шығарындыларының 5850,392 тоннаға дейін төмендеуіне мүмкіндік берді.

МАЭС қазандығында батареялық эмульггатордың орнатылуы жүзеге асырылды, бұдан көмір күлінің шығарындылары 3050,1 тоннаға төмендетілді.

Өркен-Кентөбе, Қазмарганец КБ карьерлерінде аршымалы жыныстарды, байыту қалдықтарын игеріліп болған карьерлердің ішкі үйінділеріне жинау жүзеге асырылады, бұл орналастыру мөлшерлерін азайтуға мүмкіндік берді.

Департамент бұдан кейінгі жұмысында да ҚР Энергетика Министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік мөлшерлерін төмендету саясатын жалғастыра беретін болады.

Ж.ЖҮНІСБАЕВА,

Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің

экологиялық реттеу бөлімінің басшысы.

Сурет ғаламтордан алынды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button