Жаңалықтар

Лайықты құрмет

Кәсіби мерекеміз қарсаңында тағы бір сүйіншілі хабар жетті. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсында әріптесіміз Гүлбақша АҚАЖАНОВА топ жарды. Облыстық «SARYARQA» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің шефредакторы дәстүрлі байқаудың «Үздік телебағдарлама» аталымы бойынша ІІІ орынға қол жеткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған конкурс мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттаған журналистердің еңбегін бағалап, есімін дәріптеуді мақсат тұтқан.

Гүлбақша Беркінқызына көрсетілген құрмет әбден лайықты. Себебі, жүлдегер журналист ана тіліміздің, ұлт руханиятының жанашыры ретінде танылып келеді. Облыстың басты арнасы арқылы көрерменге жол тартқан әрбір хабары, танымдық дүниелері сөзімізге дәлел.

Бәрекелді!

Жүлде құтты болсын, Гүлбақша!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button