Жаңалықтар

Ұл мен ұлтты қыз сақтайды…

Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақ ұйытқысы деп оның тәрбиесіне аса мән берген. Тәрбиелі қыз – текті қыз, оның құрсағынан алтын айдарлы ұл туады. Ал, «Ұл мен ұлттың арасы бір-ақ әріп» (Мирас Асан). Демек, қызды сақтау – ұлтты сақтаумен пара-пар.

Ертеде қазақ аналары қыздарын тігінге, тұрмыстық игіліктерге баулитын. Қазір бүлдіршіндеріміз сөзін түсінбейтін әуенге билеуге әуес. Қолымыздағы смартфонды ашсақ, ұяламыз. Кез келген әлеуметтік желіде жас балалар отырады. Кей ата-ана «балам тыныш отырса болды» деп «соткасын» ұстата салады. Онда қандай дүниелер насихатталатынына мән бере қоймаймыз. Соңғы уақытта «тик-токқа» бейнемізді салып әуреміз. Даладағы орындыққа сырт киімін шеше салып, видео үшін жанталасқан талай замандасымды көрдім. Қойылған әуен есірік биге жетелейді. Қысқа көйлек пен «түнгі көбелек» биін билесе не деуге болады?

Осы орайда жетпістің бел ортасына келген атамнан қазіргі қыз тәрбиесі жайлы сұрап көрдім. «Өткенмен салыстырғанда арасы жер мен көктей. Қыздарымыз оқу дейді, жұмыста белгілі бір жетістікке жеткісі келеді, үйдегі балаларының не істеп, не қоятындарын білмейді. «Сабағың жақсы, киімің таза ма?» деген сұрақ қояды балаларына. Одан әріге бармайды. Бұл жұмысбастылықтан туындаған мәселе. Әйтпесе қай ата-ана балам жаман болсын деп тілейді? Бұрынғы кезде «қызды қырық үйден тиып», ақшам туысымен балаларын далаға шығармаған. Бәріне демеймін, бірақ кей қыздардың тәрбиесіне көңілім толмайды. Одан кейін мені өте алаңдататыны – қазіргі қыздарда талғам жоқ. Қысық көзді қытайға немесе қара нәсілдіге талғамы жоғары қыз бармайды, қанша жерден махаббат болса да. Өйтті екен, бойында қазақы тәрбие жоқ деген сөз. Осы орайда мысал ретінде мына оқиғаны айтып берейін. Ерте ректе қытай елінде Жанәбіл деген қолында билігі бар қандасымыз тұрған екен. Шетелдік мықты университетте оқыған қызы бестен артық тіл біледі екен. Қызы оқудан оралған соң өзге ұлтқа тұрмысқа шыққысы келеді. Әкесі көндіре алмайды. Кейін, әкесі қызын той үстінде атып тастағаны туралы мәлімет тарады. Бұған себеп – қазақ қызының қытай жігітіне тұрмысқа шығуы еді. Сондағы әкесінің жиылған қауымға айтқан сөзі: «Шыңжаңдағы 2 миллион қазақ қызына осы жағдай бола тұра қалай ие боламын?», – еді. Бұл мысал сол азаматқа жабылған жала болды…»

Қазақ қызын еркін ұстаған, бірақ тым еркелетіп, бетімен жібермеген. «Бақытты боламын деп емес, бақытты етемін деп бар, қызым!» деген де ескі- ден қалған есті сөз ғой.

Қыздың сөйлеуі, киімі, жүріс-тұрысы – оның тәрбиесінен. Тәрбиелеуші кім? Әрине, әке мен ана. Ал, ол тәрбиені сіңірмесе, кім кінәлі?! Тағы әке мен ана ма? Жоқ, мәселе қыздың иманы мен ұятында. Себебі, әр баланың иманы берік болса, бұзылмас қамалы – сол. Сондай жан ғана болашақ отбасының ұйытқысы бола алады.

Мысал үшін өткенге саяхат жасап көрейік. Домалақ ана, Айша-Бибі заманы. Ол заманда да бәрі керемет болған жоқ. Бірақ «өлімнен ұят күшті» қағидасын берік сақтаған жандардың арқасында ел іргесі сөгілмей бекем тұрды. Бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз болған. Ұлы Абайға тәрбие дарытқан данагөй әжесі Зере, анасы Ұлжанды қалай ұмытамыз?

Жазушы Зейнеп Ахметова болса, «Жастардан бір нәрсені талап етуден бұрын оларға үлкендердің алдымен өздері үйретуі керек екенін, көрсетуі керек екенін айтып келемін. Ал бұдан шығатын қорытынды – қыз тәрбиелі болса, келін өнегелі болады. Келін өнегелі болса, ана парасатты болады. Ана парасатты болса, әже данышпан болады. Өмір осылай жалғасады» депті. Кешегі ұрпақты да дана, дара қазақ аналары тәрбиеледі. Ертеңгі, келешек ұрпақты тәрбиелейтін мәртебемізден айырылмайық.

Әлия СМАҒҰЛ,

ҚарУ-дың журналистика бөлімінің ІV курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button