Теміртау

Кокс цехында апат тіркелді

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2017 жылдың 12 қазанында кокс цехында кокс батареясының жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №1 газ құбырында жарақат алған қызметкерлердің жағдайын дәрігерлер тұрақты, орташа деңгейде ауыр дейді. «Газ құтқарушы 1969 жылы туған С.Толстов, газ желілері учаскесінің газшысы 1967 жылы туған С.Клюско, қыздыру және ыстық учаске жұмыстарын реттеу шебері 1968 жылғы В.Редькинді термиялық күйік шалды. Қызметкерлер Х.Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының күйік бөлімінде. Газ желілері учаскесінің шебері 1979 жылғы Е.Маханов, газ цехының электр дәнекерлеушісі 1979 жылғы К.Лукашев, №1 газ көтеру станциясы учаскесінің темір ұстасы 1976 жылғы В.Семейченко Теміртау қаласы орталық қалалық ауруханасы интенсивті терапия бөлімі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында. Зардап шегушілердің жағдайы ауыр. Барлық зардап шегушілерге қажетті медициналық көмектер көрсетілуде» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 12 қазанда сағат 11.29 минут шамасында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылып, күйік шалған алты адам ауруханаға жеткізілген-тін.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button