Жаңалықтар

Кітаптан киіз үй тұрғызылды

    М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №1 жасөспірімдер филиалы мен облыстық Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатын жалғап тұрған «Жалын.Zas STAR» жасөспірімдер клубы мүшелері әдеби-сазды кеш өткізді. Тақырып – «Киіз үй, ет, астау, шапан туралы не білеміз?».

Кештің жаңалығы – 185 кітаптан тұрғызылған киіз үй кітап инсталляциясы. Кітапхана ұжымы жаңа жыл тойына облыстық Сәкен театры мен филармонияның әртісі Төлеухан Тутанов пен кітапхананың тұрақты оқырманы Гаухар Мырзағалиеваны арнайы шақырыпты. Қазақстанның салт-дәстүріне қызығушылық танытып жүрген Джон атты өзге ұлт өкілі ғаламтордан біздің кітапхананы таңдап, Наурыз мерекесіне тап болып, қазақ халқының көпшілдігінің көрінісіндей Наурыз дастарқанына шақырылды.

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың дарынды оқушылары Гаухар апайларына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қой­ды: Ұзынсары – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Жылдың бұл мезгілін «көкөзек шақ» деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға» деп,сүрленген соғымның етін сақтап қояды. Ал, қабақ сындыру дегеніміз: «Сүт көп, көмір аз. Жаңа жыл жарылқа ,

Ескі жыл есірке», — деп үйдегі ескі ыдысты (қабақты ) сындырып, «қабақ сынды, қайғы кетті», – деп ырым жасаған. 185 кітаптан арнайы тұрғызылған киіз үй инсталляциясы туралы кітапханашы Махаббат Саменова айтып берді. Қазақтың халық әнде­рі шырқалды. «Жалын.Zas STAR» жас­­өспірімдер клубының мүшелері бір-бірін құттықтап, қыздарымыз ұлдар­ға «Ұйқыашар», ал, қыздарымыз ұл­дар­ға «Селтеткізер» сыйлықтарын берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button