Шет

Кітапхана іргесі кеңейді

Кітапхана – мәдениет ордасы, бүкіл білімнің бастауы, рухани насихат құралы.

Ақадыр кентіндегі балалар кітапханасы бұған дейін таршылық етіп келген еді. Уақыт өткен сайын кез келген кітапхананың кітап қоры толығады. Өткізілетін мәдени шаралардың бағдарламасы да арта түседі. Тиісті орынға бірнеше рет өтініш жасалды. Міне, жуырда балалар кітапханасы жаңа орынға көшірілді. Бөлмелері кең де жарық. Кітапхана ұжымына жоспарлы шығармашылық ізденіспен жұмыс жасауға мүмкіндік туды. Кітап қоятын сөрелер көбейді. Арнайы ұйымдастырылған «Қолөнер шеберлігі» үйірмесі мүшелерінің жасаған бұйымдары еркін орналастырылды. Кітапхананың іші өзгеше сән-салтанатқа бөленді.

Жас оқырмандарға осындай тарту-таралғы жасалды. Құптарлық шаруа. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Мағауияқызы ұжымды, жас оқырмандарды құттықтап, игілікті істеріне сәттілік тіледі.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button