Жаңалықтар

Кірме сөздерді қайтпекпіз?

    Биылғы басты оқиғалардың бірі – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіру мәселесі. Аталған мәселенің маңызы зор болғандықтан, ел оқығандары мен лингвистер арасында қызу талқыға түскені баршаға мәлім.

Латын әліпбиіне көшудегі мақсат – әлемдік экономикадағы қазақ тілінің ролін орнықтыру және қазақ тілінің кейбір мәселелерін шешуден туып отырғанға ұқсайды. Екіншіден, әлеуметтік қиындығы тек қысқа мерзімде сезіліп, кейін латындандыру әлдеқайда көбірек пайда әкелуі тиіс.

Латын графикасына қатысты осы күнге дейін ұсынылып отырған нұсқалар жетеді.  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланып, Парламентке латын әліпбиінің алғашқы нұсқасы таныстырылғаннан бері көптеген келелі ойлар айтылды. Жекелеген дауысты және дауыссыз дыбыстарды қосарлап беруде көптеген сын айтылды. Шамадан тыс ұзартатындығы ойландырмай қоймайды. Диграфпен берілетін 8 дыбыс туралы нұсқаны мен де қабылдай алмай жүр едім.  Енді осы кезде Елбасымызға үстіміздегі жылдың 9 қазан күні жұмыс тобы ұсынған латын әліпбиінің екінші нұсқасы нүкте қойған сияқты. Онда кейбір дыбыстарымыз бір таңбамен ғана белгіленген. Әріптің үстіне ноқат қойыла отырып. Бұл халық көңіліне қонымды, меніңше.

Латын әліпбиіне  көшу сайып келгенде ана тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Әліпбиді ауыстыру – тілдік қажеттілік. Еліміздің болашағы үшін жасалған қадам болатыны сөзсіз. Әлеуметтік желілердегі қандастар да бұл мәселеге бейжай қарай алмайтындығы байқалады. Өйткені кірме сөздерде кездесетін Я, Ц, Э, Щ, Ю дыбыстары алынып тасталған. «Facebook» әлеуметтік желісін тұрақты қолданушысы Эльдар Тұрсынғали «Эльдар деген есімді енді қалай жазамыз?» деген алаңдаушылық білдірді. Тілімізде осындай дыбыстары бар сөздер болғандықтан, латын әліпбиінің жобасын ұсынып отырған тілтанушылар бұған да назар аударса екен.

 

                                                                                             Гүлжазира СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button