Жаңалықтар

Кінәлілер жауапкершілікке тартылады

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Рavlodarnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Екібастұздағы орын алған жағдайға кінәлілер жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмыстары жалғасуда. Егер себебі мен салдары анықталып, кінәлілер белгілі болған жағдайда есімдері айтылып, жауапқа тартылатын болады.

– Монополисті тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуге міндеттейтін заң бар. Мәселен, монополист өз қызметін себепсіз, қалаған уықытында тоқтата алмайды. Егер тарифтер төмен болса, ол оны дәлелдеуі керек. Тұтынушы үшін қателікті кім жібергені маңызды емес. Ол тек қызметке ақы төлейді. Егер монополист техникалық тұрғыдан нашар және тиісті қызметті көрсете алмайтын болса, бұл тұтынушының емес, оның мәселесі.

Апатқа не себеп болды? Қызметкерлердің қателігі немесе акционердің кінәсі болды ма? Оны тексеріс нәтижесі көрсетеді. Ешкім жауапкершіліктен жалтармайды, – деді Роман Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы төтенше жағдай кеше алынған.

Басқа материалдар

Back to top button