Жаңалықтар

Әкімшілік құқық бұзушылықтар азаймай тұр

Қазақстан Республикасының 28.02.2007ж. №234 «Бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы» Заңының 19 бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаржылық есептілік депозитарийін құру жөніндегі шаралар туралы» 23.12.2008ж. №1228 Қаулысы негізінде жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийі құрылғанын білеміз. Аталған заңнамалардың негізі Мемлекет басшысының әр жылдардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылатын еліміздің даму бағыттары мен оның экономикасының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру барысындағы шараларға бағытталған. Сәйкесінше, елімізде кәсіпкерліктің мәдениетін қалыптастыру және кәсіпорындардың бәсекелестігін жоғарылату мақсатында мемлекеттік ұйымдардың қызметтері бәсекелі ортаға жүйелі түрде жіберілуде.

Үкіметтің 14.10.2011ж. №1173 Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру туралы» Қағидасының 4 тармағына сәйкес, жария мүдделi ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалған жылдық қаржылық есептілікті өткізуі міндеттелген. Қайтадан құрылған ұйымдар тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынуы тиіс. Осыған қоса, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен аудит міндетті болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептіліктері аудит қорытындысымен нақтылануы қажет.

Қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту немесе белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 239 бабына сәйкес жауапкершілік қаралған. Осы тәрізді аталған Кодекстің 250 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру бойынша да қаралған.

Алайда, құқық бұзушылық Кодексінің аталған баптарының қолданылуын болдырмаудың түрлі шаралары қолжетімді ақпарат құралдары арқылы барынша насихатталғанымен, оның деңгейі айтарлықтай өзгермеуде. Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өзінің құзіреті шегінде жоғарыдағы талаптардың орындалмауы салдарынан 2016 жылы жалпы сомасы 6 577,2 мың теңгеге 15 хаттама толтырған болса, 2017 жылы жалпы сомасы 9 302,9 мың теңгеге заңды немесе жеке тұлғаларға 17 хаттама толтырып, жауапкершілігін қарауға міндетті болған. Сонымен қатар, тараптардың өтініші негізінде 2016-2017 жылдары осы мәселелер бойынша 15 хаттаманы қарау сот мекемелеріне жөнелтілген.

Жоғарыдағы мәліметтерді жариялай отырып, жария мүдделі ұйымдар үшін заңнамалармен белгіленген талаптардың бақылауда болатынын, оның орындалу мүмкіндігі тек лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты екенін жеткіземіз.

Қарағанды облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button