Жаңалықтар

Үкіметтік емес ұйымдар конференциясы өтті

2021 жылы 4 қарашада Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент Орталығында «Қарағанды облысының азаматтық секторы – 30 жыл бірге» атты облыстық үкіметтік емес ұйымдардың XVII конференциясы өтті.

Аталған ұйымдарды қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатына сәйкес ҮЕҰ фестивалі шеңберінде өткізілген конференцияны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен облыстық Азаматтық Альянсы Қауымдастығы ұйымдастырды.

Конференцияға ҮЕҰ өкілдері, мемлекеттік органдар, этно-мәдени орталықтар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын кезінде Қазақстанның Тәуелсіздік жылдар кезеңіндегі өңірде жүзеге асырылған аса табысты әлеуметтік маңызы бар жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Еліміздің болашағы өз қолымызда» проактивті панельді ұйымдастыру шаралары (азаматтық қоғам институттары қызметіндегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша қатысушылардан ұсыныстар мен ұсынымдарды жинау) өтті. Концеренцияда этно-мәдени орталықтардың ұлттық тағамдар көрмесінің жұмысы қаралды.

Облыс бойынша ҮЕҰ секторының даму барысы туралы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Жиын соңында 2021 жылғы ең таңдаулы ҮЕҰ-ды және Тәуелсіздігіміздің әр жылдары азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ды, азаматтық белсенділерді, мемлекеттік органдар өкілдерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Басқа материалдар

Back to top button