Жаңаарқа

Үкілі үміт

    Өткен оқу жылында Бименде Амалбеков атындағы орта мектепте үлгерімі үздік, қоғамдық белсенділігімен ерекше көзге түскен оқушыларға білім гранттары салтанатты түрде табысталды. Кәсіпкер, меценат, экономика ғылымдарының кандидаты Сәбит Қарашолақов оқушыларды сапалы білім алуға, қоғамның белсенді мүшесі болуға үндеп, білім гранты иегерлеріне диплом және отыз мың теңге қаржылай сыйлық берді.

    Сыйлық иегерлерінің бірі – 4 сынып оқушысы Молдияр Кенжеғазы. Молдиярдың сынып жетекшісі Қарлығаш Ібікенова оқушысын сыныптың озаты дейді. Өткен оқу жылында облыстың «Бастау» бағдарламасы бойынша математика пәнінен жарысқа қатысып, бірінші орын алып, мектеп намысын қорғады.

Бағила ЫСҚАҚОВА.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button