Шет

КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

      Қашан да еңбектің бағаланғаны жақсы. Қоғамға да, өзіңе де пайдалы еңбектің өтеуі болады. Көңіліңді өсіреді, жаңа табыстарға жетелейді.

Ақжал кентіндегі «Ново-цинк» кәсіпорнында жылды табысты аяқтаған өндіріс жұ­мысшы-мамандарын көтер­мелеу, марапаттау жап-жақсы дәс­түрге айналған. Жыл қоры­тындысында әркімнің еңбегі сараланып, тиісті бағасы беріледі. Мәселен, өндірістің техникалық директоры Бұлқайыр Ағылбаев еліміздің Құрметті кеншісі төсбелгісімен марапатталды. Ал, тау-кен цехының бұрғылау қондырғысының машинисі Аманқұл Төкішев, автокөлік це­хының жүргізушісі Виктор Гольнев «ІІІ дәрежелі еңбегі сіңген кенші» төсбелгісіне, машинист Болат Әбілжанов сондай-ақ, жүр­гізуші Манат Тоғанбеков «Озат кенші» төсбелгісіне және сый-сияпатқа ие болды.

Дәл осы күні «Шұғыла» мә­дениет үйінде «Әкелер салған дара жол» атты әдеби-сазды кеш өтіп, еңбек ардагерлері жо­ғары сынып оқушыларымен кез­десті.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button