Жаңалықтар

Кеніштер техникамен қайта жарақтануда

     «АрселорМиттал Теміртау» компания шахталарында төрт қазіргі заманғы ұңғылау КПД комбайны пайдалануға берілді. Жаңа машиналар «Абай», «Қазақстан», «Шахтинск» және «Костенко» шахталарына жіберілді. Ұңғылау машиналарының жалпы құны 650 миллион теңгеден асты» деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Таратылған деректерге сүйенсек, сатып алынған комбайндардың ерекшелігі – аркалы бекітпені орнатуды айтарлықтай жеңілдетуде және жылдамдатуда монтаждау құрылғылардың болуы. Техника тиеу тиімділігін және жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Комбайндардың икемділігі жоғары, тау сілемін бұзуға, әртүрлі пішінді қазбаларды ұңғылауға дайындық кезінде бұзылған тау жыныстарын тиеу мен тасымалдауға арналған. Сонымен бірге, комбайндар халықаралық нормаларға және қауіпсіздік стандарттарына сай. Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өнімділікті арттырады.

Леонид КОСТОГЛАДОВ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің техникалық директоры:

Көмір департаментінде 2017 жыл ұңғылау жылы деп атанды. Осы жылы 67 шақырым тау-кен қазбаларын игеру жоспарда. Тау-кен қазбаларын жүргізу – өте шығынды, қауіпті іс. Сондықтан, биылғы жылы департамент барлық сегіз шахтаны дамытуға, тау-кен құрал-жабдықтары мен механикаландырылған еңбек құралдарын сатып алу үшін қомақты қаражат салуда.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button