Шет

Кемтар жандарға – кедергісіз орта

   Елбасы Жолдауларында қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөліп, оларды әлеуметтік қорғауды жақсарта түсу.

Шет ауданында бүгінгі таңда 1774 мүгедек адам бар. Оның 136-сы – бірінші топтағылар.

Жақында аудан әкімдігінің кеңейтілген отырысында осы топқа жататын, өздігінен жүріп-тұра алмайтын, арбаға таңылған жандар үшін кедергісіз орта жасау мәселесі көтерілді. Аудан бойынша олардың саны 30-ға жуық адамды құрайды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Бекеновтың мәлімдеуінше, ауданда 109 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары болса, бүгінгі күні оның 41-і паспортталған. Осылардың арасында соңғы жылдары толық бейімдеуден өткені, 17-сі ғана. Таратып айтқанда, аудан әкімдігінің және екі кенттік әкімдіктің ғимараттары, екі аудандық бөлім, төрт мәдениет үйі мен бір кітапхана, орталық аурухана мен алты селолық дәрігерлік амбулатория. Бұл, әрине, өте аз.

Паспорты бар 24 нысан бойынша биыл смета жасалып, бейімдеу жұмысына қаражат қаралуы тиіс. Көп қаражатты қажет етпейтін құрылыс болғандықтан, керек сома әрбір мекемеден табылады. Пандустар мен кең есіктер сияқты ыңғайластырылған құрылғылар стандарттарға сәйкес жасалуы шарт.

Аудан әкімі М.Жандәулетов бұл жұмыстарға дереу кірісіп, жыл аяғына дейін мүгедектерге бейімделген нысандардың санын 70 пайызға дейін жеткізуді міндеттеді. Ал, ауданның сәулет бөліміне қалған 68 нысанды паспорттау жұмысын ширатуды тапсырды.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button