Әкелі-балалы спортшылар көк туды әлемдік аренада желбіретті
Күллі Қазақстан Ағадырдан шыққан 75 жастағы ауыр атлетші Дәрібай Оспановты жақсы біледі. Әлемдік ареналарда көк туды көке көтеріп жүрген ақсақалымыз күні кеше ғана АҚШ-тың Остин қаласында пауэрлифтингтен өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жткізді. Осы турнирде бақ сынаған кенже ұлы Қараман Абдулкарім бірнеше аталым бойынша бақ сынап, бес алтын, жеті күміс иеленді. Сонымен қатар, әлемдік бес рекордты жаңартты.
75 жастағы жерлесіміз Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтің штанганы жатып көтеру түрі бойынша сынға түскен. Нәтижесінде, күміс жүлде иеленді.
– Жарыс жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Барлық жағдай жасалған. Үйдегілер біздің өнерімізді тікелей эфирден тамашалауда. Спорттың денсаулыққа тигізетін пайдасы көп. Біздің басты ұстаным – көк туды әлемдік ареналарда желбірету, – деді Дәрібай Оспанов.
Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін ақсақалдың үлкен ұлы Алмаз Оспанов жайында жазған болатынбыз.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz