Келешек үшін келелі кеңес

    Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында дәстүрлі Назарбаев оқулары аясында «Ұлт бірлігі мен қазақстандық біртектілікті нығайту – Президент реформаларының табысты орындалуының кепілі» тақырыбында келелі кеңес өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды мемлекеттік университеті, Теміртау қаласының Қоғамдық кеңес өкілдері, «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестігі мен этно-мәдени орталықтардың төрағалары, ҚР Ішкі істер Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушылары, колледж директорлары және орынбасарлары мен студенттері қатысты.

Іс-шара, Елбасының «5 институционалды реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаланың тұрғындар арасында насихаттау Президент реформаларын орындауға жұмылдыру мақсатында өрбіді. Кеңестің күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ҚР Ассамблеясының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Деспина Касапиди, Теміртау қаласы «Халықтар достығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ілияс Баймырзаұлы, ҚарМУ-дың Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Әзмұханұлы, ҚР Ішкі істер Министрлігінің Теміртау қаласындағы Оқу орталығының тыңдаушысы Жібек Талғатқызы, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Құрманшәді Ынтықбайұлы баяндама жасады. Жиналғандар орамды ойларын, өткір пікірлерін ортаға салды. Айтулы шараның соңында белсенді қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Дәуірбек КЕТЕБАЕВ,

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.