Келешек үшін қажет
Ұлттық тілімізді сақтау, әлеммен интеграцияны жеделдету мақсатында қазақ жазуын латын графикасына көшіру туралы пікірлер елімізде жүзеге асуда. Совет Одағында болған түркі тілдес халықтардың біразы өз жазуын латын қарпіне ауыстырып та үлгерді.
Қазақ жазуын латын графикасына көшіру тарихи, саяси, әлеуметтік жағдайларға оң нәтиже берері сөзсіз. Мәселен, шартарапқа шашырай орналасқан қазақтардың өзара қарым-қатынас жасауына, рухани, мәдени тұрғыда туған жерінде өмір сүріп жатқан қандастарынан ажырап қалмауына ықпал жасайды. Сонымен қатар, ғылым көшінің басында тұрған әлемдік ғылыми, технологиялық, инновациялық үдерістерден тыс қалмауға, қазақ тілін үйренушілер психологиясындағы кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Соңғы ұсынылып, бекітілген нұсқада апостроф 9 дыбысты белгілеуге пайдаланылған, сол себепті жазуда, көруде (визуальді) жекелеген қиындықтар болуы мүмкін. Сол себепті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбеков айтқандай, қолдану барысында, емле ережелерін қабылдап, орнықтыру үдерісінде басқа түркі елдеріндегідей ішінара өзгерістер болады деген ойдамын.
Алма ӘДІЛОВА,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры
филология ғылымдарының докторы.