Келер жылы 41 мыңнан астам адам әскерге шақырылады
2025 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға қатысты Үкімет қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Ortalyq.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен келесі міндеттерді ұйымдастыру тапсырылды:
– 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан аралығында әскерден босатылуға құқығы жоқ немесе кейінге қалдыру құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы ер азаматтардан 41 706 адамды әскерге шақыру;
– ҚР заңнамасына сәйкес шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерге жіберу орындарында полиция қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін жүзеге асырады.
Көлік министрлігі мерзімді әскери қызметін өтеген сарбаздарды запасқа шығару және әскерге шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.