Шет

Келелі пікірлер тоғысы

    Шет ауданының орталығында ел Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын  міндеттерді талқылау мақсатында республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре ЖҮСІП, облыстық ақпараттық-талдамалық орталықтың инспекторы Шахмарал ҚАБЫЛОВА тұрғындармен кездесті.

Кездесуді ашқан аудан әкімінің орынбасары А.Әбілдин Елбасы саясатын жүзеге асыру бағытында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмалардың жүйелі орындалып, аудан халқына қосымша түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтты.

Нұртөре Жүсіп Елбасының бағ­дар­ламалық мақаласы қазақ тари­хына, мәдениетіне, тіліне, жалпы хал­қымыздың ежелден келе жатқан дәстүрін қазіргі заманға сай бейімдеуге, санаға рухани сілкініс жасауға ықпал ететінін, жапон елінің тәжірибесінен дәлелдер келтіре отырып, жан-жақты әңгімеледі. Сонымен қатар,  «100 жаңа есім» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, латын әліпбиіне көшу сияқты ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары армандап кеткен ұлтымызға қатысты мәселелерді, міне, осы ғасырда іске асыру міндеті тұрғанын айтты. Әрине, бұдан бұрын «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, осы бағдарлама арқылы көптеген игі іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын да атап өтті.

Кездесуге қатысқан ауыл ақсақалдары – Е.Байжанов, Ж.Сүлейменов, И.Жолғұттин, Ш.Әлғожин, Б.Жұмкин, Е.Жәнібеков осы орайда өз ой-пікірлерін білдірді. Жазушы Кәмел Жүністегі рухани жаңғырудың бағыт-бағдары, қазақты қазақ ететін ұлттық құндылықтарды қайта жаңғырту туралы сөз қозғады.

Аталған тақырыпта ақпараттық-насихат тобы мүшелері Кеншоқы ауылы тұрғындарымен де кездесті.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button