Жаңалықтар

Кәсіпкерлікке кең өріс

    Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілер саны бойынша облыс республикада Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы, Астана қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі 6-орында. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мұнда жеке кәсіпкерлердің үлесі – 71,9%, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 19,2%, шаруа және фермерлік қожалықтар – 8,7%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2% құрайды.

Шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілердің жалпы санындағы ең көп үлес салмақ – Қарағанды қаласына тиесілі – 48,7% және Теміртауда – 10,3% көлемінде.

Былтырғы деректермен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілердің саны 1,4%-ға артқан көрінеді. «Оған қоса, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар саны – 9,9%-ға, шаруа және фермерлік шаруашылықтар – 5,3%-ға ұлғайды, жеке кәсіпкерлер – 1%-ға төмендеді және орта кәсіпкерлік заңды тұлғалар саны өзгеріссіз қалды» деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button