Жаңалықтар

Кәсіпкерлер көмек берді

     Көмірлі өлкенің кәсіпкерлері облысымыздағы байланыс қызметкерлерін даярлайтын Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжіне қажетті құрал-жабдықтар сыйлады.

Еске сала кетейік, колледж басшылығы оқу барысы тиімді болуы үшін және материалдық-техникалық базаны жаңартып отыру мақсатында былтыр Қамқоршылық Кеңесін құрған болатын. Осы күннен бастап, байланыс, құрылыс және техникалық жабдықтаумен айналысатын бірқатар кәсіпкерді тартып, студенттерін жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті етуді қолға алған. Аталмыш Қамқоршылық Кеңес жалпы сомасы 3 млн. 900 мың теңге болатын көмек көрсетті.

«Осы келісім-шарт аясында колледжіміздің материалдық және техникалық базасын жаңартып жатырмыз. «Веста» ЖШС «Ғимараттағы желілік электр байланысын пайдалану және сыммен хабар тарату» мамандығы бойынша заманауи құрылғылармен жабдықталған талшықты кабелмен жұмыс істеу зертханасын ашып берді. Оқытушылар мен студенттерге шеберлік сағатын өткізді. Танымал «220 ВОЛЬТ» сауда үйі электр желілерін монтаждауға пайдаланатын құрылғылар сыйлады», – дейді колледж директоры Ирина Кисилева.

Колледж басшысының айтуынша, «Furtado plast» компаниясы колледжге оптикалық-талшықты кабель зертханасын құны 700 000 теңге болатын жабдықпен қамтамасыз еткен.

«АСПАП» өндірістік кооперативі болса, «Автокөлік жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша жұмыс істейтін зертханаға «Москвич» көлігінің қозғалтқышы мен теледидар алып берген екен. «Бота» қоғамдық қорының төрағасы Валерия Нефедова «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы бойынша зертханаға көмектескен. Барлық құрылғыларын жаңартып, колледжді аббаттандыруға қажетті техника мен құралдарға көмек қолын созған. Спорт залға арналған жаттығу құрылғыларын табыстаған. Сондай-ақ, колледжге жаңа автокөлік сыйлаған. Қазіргі таңда колледжіміздің студенттері бұрын-соңды болмаған жабдықтарын тәжірибеде пайдаланып, оқуға деген құштарлықтары арта түскен көрінеді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button