Жаңалықтар

Кәсіпкерге не кедергі?

    Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен, «Сәулет және қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері» тақырыбындағы селекторлық жиналыс өткізілді.

Онлайн режимінде өткен шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсенов қатысты.

Ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі «Жол картасы» бағдарламасы аясында қарастырылған бірқатар іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствамен және Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жыл басынан бері жүзеге асырылуда. Соның ішінде, бизнесті дамыту мен жүргізуге байланысты 16 сала қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалуда. Агенттік Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жиын барысында сәулет және қала құрылысы саласындағы сот тәжірибесін талдауда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі басшылық құрамына қатысты екенін жеткізді. Бұл саладағы түйткілді мәселелер – еліміздің барлық өңіріне тән. Соған байланысты, Павлодар облысы және Астана қаласы бойынша Агенттіктің және Ұлттық палатаның екі өңірлік бөлімдерімен талдау жасалды.

Павлодар облысы бойынша Агенттік департаментінің басшысы Тыныштық Жүсіпов баяндама жасап, аталған салада сыбайлас жемқорлық көріністеріне нормативтік-құқықтық актілердегі дискрециялық құзыреттер мен коллизиялар ықпал ететінін атап өтті. Астана қаласы бойынша кәсіпкерлердің өңірлік палатасының басшысы Ғани Тасмағанбетов әкімшілік тосқауылдардың барын және олар бизнес құрылымдарының дамуын тоқтататындығын сөз етті.

Сондай-ақ, Парламент депутаттары, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі, Қазақстандағы бизнес қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, Агенттіктің аймақтық департаменттерінің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының басшылары сараптау қорытындыларын талқылауға қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің міндетті түрде жойылуы тиіс деген тоқтамға келді. Осы мақсатта, ҚР инвестициялар және даму министрлігі үшін тиісті ұсынымдар әзірленді. Ұсынымдардың орындалу мерзімі: 6 ай.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button