Қарттар күніне орай Қарқаралы ауданына қарасты Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округте кәсіпкер Серікбол Жұмаділов басқаратын “Атамұра Табыс” ЖШС қайырымдылық шарасын жасап, елдің алғысына бөленді.
Аталған округтегі Өсібай, Бастал және Көлбасы елді мекендерінде бұл күндері барлығы 93 үй отыр. Олардың ішінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да баршылық. Серіктестік биыл жинаған картоп өнімінің 3,5 тоннасын сол кісілерге тегін үлестіріп берді.
“Батамен ер көгерер” дегендей, ауыл халқы “Атамұра Табыс” ЖШС-нің басшысы мен ұжымына ризашылығын білдірді.
Болатбек ӘШІМҰЛЫ,
Қарқаралы ауданы