Жаңалықтар

Көрме – жетістік алаңы

       Таяуда ашылған «ЭКСПО – 2017» көрмесінің мән-маңызын айтып тауысу мүмкін емес. Бұл – адамзат ақыл-ойының жемісі. Бүкіл адамзаттың ғылымы, технологиясы ел ордасы – Астанада қоныс теуіп, насихатталып жатыр. Мерейімізді тасытқан көрме – еліміз үшін үлкен абырой екені сөзсіз.

Көрменің елге берер пайдасы өте орасан екені анық. Халыққа қызмет ету – жауапкершілігі мол шаруа. Осы жауапкершіліктің үдесінен шыға білу – біздің міндетіміз. Әлем алдында абыройымызды асқақтатар көрменің тиісті деңгейде өтеріне сенім зор.

Көрмені аралап, танысу – әр қазақстандықтың ізгі арманы. Көрмені тамашалау – ел жетістігіне сүйсінудің бір айғағы. Елбасының ерен еңбегіне берілген баға.

Тәу етер Тәуелсіздігіміздің арқасында жаңғырмалы қуат көздері біздің де қолымызда болады дегенге сенімім кәміл. Көрменің жалпыға мәлім «Болашақтың энергиясы» аталуы да Елбасының таңдаған парасатты пайымы. Елбасының тұлғасы – баршаға үлгі.

Саяш АХМЕТОВ,

облыстық жердің пайдаланылуы мен

қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button