Жаңалықтар

Көмек көрсетіледі

Шет ауданындағы тасқын судың жағдайымен жақын танысу мақсатында Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Р.Әбдікеров ауданға арнайы барып, Қарамұрын және Красная Поляна ауылының тұрғындарымен кездесті.

Шерубай – Нұра өзені бойындағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты аумақтың 5 ауласы, оның ішінде бір жеке тұрғын үй су астында қалды. Қарамұрын ауылында да 5 ауланы су алған.

Красная Поляна ауылында 617 тұрғын, 206 үй, 43 мүйізді ірі қара және 290 қой-ешкі, Қарамұрын ауылында 262 адам, 63 үй, 234 мүйізді ірі қара және 115 қой ешкі бар.

Қазіргі уақытта қарғын судың беті қайтып келе жатқаны байқалады. Тұрғындармен кездесу барысында, Қ.Жиенқұлова, У.Әбдірашевті сұрақтарына жауап бере келіп, Р.Әбдікеров тасқын судан зардап шеккендердің барлығына қолданыстағы заңнамалар шеңберінде көмек көрсетілетінін ерекше атап өтті.

Тасқын судың жағдайы тұрақты бақылауда.

Облыстық мәслихаттың

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button