Басты тақырыпҚарағанды

Көлік дәлізі кептелістен құтқарады

    Қарағанды қаласындағы «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жөндеуден өткізуді ұйымдастыру облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВТЫҢ қатаң бақылауында.

Сейсенбі күні Қарағанды қаласының Солтүстік және Шығыс учаскелерінде қайта жөндеуге жоспарланған нысандарға Асылбек Дүйсебаев жұмыс сапарымен барды. Бұл жөндеу жұмыстары «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жөндеуден өткізу аясында жүзеге аспақ.

Сапар барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары қайта жөндеуден өткізілетін учаскенің техникалық сипаттамасымен танысты. Қолда бар жобаға сәйкес учаскеге ІБ санатты жол тартылады. 4 жолақты қозғалыс болады.

Учаскенің жоғарғы жабынына қалыңдығы 5 см құрайтын аймақта кең қолданылып жүрген қиыршықтасты-мастикалық бетонды асфальт төселмек. Жалпы, жөнделетін жолдың қалыңдығы – 69 см.

Сонымен қатар, «Анар-Теміртау» учаскесіндегідей мұнда да қарама-қарсы ағымдағы қозғалыс легі болмайды. Барлық қарама-қайшы автокөлік жолдар көпірлер арқылы жүзеге асырылады. Жоспарда төрт көпір құрылымы және бір теміржол тармағы қарастырылған.

Қайта жөндеу жобасы бойынша Пришахтинскіге кіретін жол учаскесін­ен «Пришахтинск айналымы» аталған орамға дейін қамтылады.

Сондай-ақ, аталған учаскедегі жұмыстарды қадағалайтын ДЭУ-46 ұйымын қайта жөндеуден өткізу қарастырылған.

Қайта жөндеуден өткен соң ұйым жылу беру ұйымы, өткізу пункті, қоймасы бар жылы тұрақтар, жол жағдайын жөндеу шеберханасы, зертханасы бар әкімшілік ғимараты және автожанар-жағармай пункті секілді қажеттіліктермен қамтылады.

Сөйтіп, жоба Қарағандыда көлік кептелісін жойып, үзіліссіз қозғалысқа мүмкіндік береді. Бұл болса, көліктердің жолда қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жұмыс сапары қорытындысында Асылбек Дүйсебаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button